Сәрсенбі, 16 Қазан 2019
Жаңалықтар 4775 0 пікір 27 Желтоқсан, 2014 сағат 14:59

АЛМАТЫ АҚЫНМЕН ҚОШТАСАДЫ

65 жасқа қараған шағында қазақтың көрнекті ақыны, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим Иса дүние салды.

Ибрагим Иса 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Жетікөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылығы үйінде нұсқаушы-әдістемеші, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахна-Сцена» журналында бас редактор, «Сақшы - На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.

Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған. «Алтын сырға», «Таң алдындағы ән», «Тербеледі қайыңдар», «Жанымның жарығы» өлеңдер жинағының, көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Ән-аға» атты ән альбомы шыққан. Коми ақыны И.Куратов, орыс ақыны Н.Рубцов өлеңдерін қазақша сөйлеткен.

Ақынды ақтық сапарға шығарып салу шарасы Алматы қаласында, 29 желтоқсан, дүйсенбі күні таңертеңгі 10:00-да Жазушылар одағында өтеді.

Абай-ақпарат.

0 пікір