Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8068 0 пікір 30 Желтоқсан, 2014 сағат 11:09

ЕР ҚАДІРІН ЕЛ БІЛЕР

Астанада ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың атынан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіске құрмет» марафон-акциясы басталады.

Акция шеңберінде Жеңістің ауыспалы вымпелі кең байтақ Қазақстанды шарлап, республикамыз бойынша сегіз әскери бөлімде болады. Астанадағы 36-шы десантты-шабуылдаушы бригададан бастау алатын акция еліміздің барлық негізгі әскери бөлімдерін аралап шығады. 

5 қаңтар - Қарағандыда, 6 қаңтар - Семейде, 8 қаңтар - Қапшағайда, 9 қаңтар - Отарда, 12 қаңтар - Ақтауда және 13 қаңтар - Алматыда болады.

Бұл күндері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтау рәсімі өтеді. Ардагерлерге ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың атынан құттықтаулар мен сыйлықтар тапсырылады.

Оларға ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрметті қарауыл ротасы құрмет көрсетеді. 15 қаңтарда бүкіл елімізді аралап шыққан Жеңіс вымпелі болашақ Отан қорғаушылары білім алатын - Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне ресми түрде табыс етіледі. Бұл салтанатты шара ұрпақтар сабақтастығы мен бейбіт өмір үшін күрескен аға буынға адалдықты бейнелейді.

Абай-ақпарат.

(Мақала «Қазақпарат» ХАА деректері негізінде әзірленді).

 

0 пікір