Жұма, 26 Сәуір 2024
Сүйінші! 7626 0 пікір 5 Қаңтар, 2015 сағат 16:10

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ – ТҮРКІ ӘЛЕМІ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Белгілі ғалым, Түрік Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығымен марапатталды. Бұл жаңалықты  Түркі әлемі жазушылар және көркем өнерпаздар қорының төрағасы Яхия Акенгин  салтанаты түрде жария етті.

«Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығы» марапаты биыл он тоғызыншы рет тапсырылмақшы. Түркі әлемі жазушылар және көркем өнерпаздар қоры «ТҮРІКСАВ» атқару комитеті төрағасы Яхия Акенгиннің айтуынша,  «Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығы» берудегі мақсат - Түркі әлеміне еңбек сіңіргендерге назар аударып, оларды одан әрі ынталандыру. Биылғы жылғы сыйлық Түркия, Әзірбайжан, Гагауз жері (Молдавия), Қазақстан, Қырғызстан, Косово, СКТР, Венгрия, Өзбекстан сияқты бауырлас елдердегі түрік әлеміне еңбек сіңірген тұлғалар мен қоғамдардың өкілдеріне берілмек. Түркияның белгілі кино актері Жүнейт Аркын бастаған 5 адамға сыйлық «Халықаралық Түркі әлеміне қызмет сыйлығы» сәуір айының басында табыс етілетін болды.

Абай -ақпарат.

0 пікір