Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5184 0 пікір 6 Қаңтар, 2015 сағат 13:41

ҚАУАСЕТКЕ – ҚАРЕКЕТ...

1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстерінің талабы бойынша енді қауесет таратқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жол ашылды.

ҚР Қылмыстық кодексіндегі "Жалған мәлімет тарату" деп аталатын бапта ең ауыр жаза ретінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Нақтылап айтсақ, БАҚ-тар немесе әлеуметтік желілер арқылы өсек таратқан адамға 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, тура осындай көлемде түзету жұмыстарына жіберілу, бас бостандығынан 2 жылдан 5 жылға дейін шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Абай-ақпарат.

0 пікір