Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6155 0 пікір 6 Қаңтар, 2015 сағат 14:01

ҚУАТ ҚЫМБАТТАДЫ...

Еліміздің бірқатар облыстарында электр қуаты қымбаттады.

Алматы қаласы мен облыстың тұтынушылары енді жаққан жарықтың өтеуіне төлейтін ақысы үшін 7,5 есе көп төлейтін болды. Баламалы тариф бойынша энергімнің әр киловаты үшін белігіленген баға : бірінші деңгей – 15,43 теңге; екінші деңгей – 20,90 теңге; үшінші деңгей – 26,13 теңге.

Павлодар облысында қуат құны 3,6 пайызға артты. Яғни, тұрғындар ендің әр киловатт үшін төлейтін  10,89 теңгенің орнына 11,289 теңге төлеуге міндетті.

Шымкент қаласы үшін де қуат құны 6 пайыз шамасында өсті. Оңтүстік тұрғындары енді аумағы 70 шаршы метреден асатын тұрғын жайға жұмсалатын энергия үшін 12,63 теңге, 70 тен 140 шаршы метрлік аумақ үшін 16,84 теңге және аумағы 140 шаршы метрден асатын ғимараттар үшін  21,6 теңге шығындайды.

Сондай-ақ,  Астана мен Солтүстік Қазақстан облысындағы электр энергиясының бағасына да өзгеріс енгізілді. Елордадағы қуат құны 12,67 теңге / кв.сағат болса,  солтүстік тұрғындары енді әр киловатт үшін 0,15 теңгеге артық төлемек.

Абай-ақпарат.

0 пікір