Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020
46 - сөз 5041 0 пікір 8 Қаңтар, 2015 сағат 13:33

Серік АБАС-ШАХ. Жұма намазды Нұрландарға оқытыңдар...

"Жұлдызды айтыс" жұртты жынды қылып қойған сияқты.
"Лақпаны" лайықсыз көргендердің реніші басылар емес.
"Лаққандар" райынан қайтқысы келмейді.
"Жұлдыздар айтысады" "жындылар айтысадыға" айналып кетпесе болғаны... Кейбіреулер, қылжақпастар мен әншібастардың қатысумен "айтыс жақсы жарнамаланды, жұрт оған назар аудара бастады" деп ақталыпты. Дұрыс тәсіл екен.
Онда барлық мешіттің қабырғаларына "Кешью" тобындағы қыздардың шортикпен түскен фотоларды іліп қойыңдар. Жұма намазды Нұрлан Еспанов пен Нұрлан Абдуллинге оқытыңдар. Жаназа шығаруға КВНшілер барсын. Аптасына бір рет Қайрат Нұртастың концертін мешіт ішінде ұйымдастырыңдар. Сонда, қазақтарға мұсылмандықты насихаттаудың ерекше жолы табылады. Жастардың бәрі мешітке ағылады.

Р.S. Артықтау кеткенімді білемін. Бірақ, бүгінгі "лақпалар" ертең осылай лаға бастаса, таңданбаймын.

(Жазба автордың facebook-тағы парақшасынан алынды)

0 пікір