Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4482 0 пікір 8 Қаңтар, 2015 сағат 13:50

ФРАНЦУЗ ХАЛҚЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шарли Эбдо» басылымы редакциясына қатысты жасалған террорлық әрекетке байланысты Француз Республикасы Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.  

Жеделхатта террорлық әрекет салдарынан француз азаматтарының қаза тапқаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы үлкен күйзеліспен қабылдағаны жөнінде айтылған.
«Бүгінгі күні терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан өз тарапынан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оқиға құрбандарының отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Франция халқына шын ниетпен көңіл айтты. 

Абай-ақпарат.

0 пікір