Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4319 0 пікір 14 Қаңтар, 2015 сағат 10:47

ӘБДІШЕВТІҢ ІСІ ӘЛІ СОЗЫЛАДЫ

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің абақтыда отыру уақыты 23 ақпанға дейін ұзартылды.

Лауазымды қызметін асыра пайдаланды және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қамауға алынған экс-әкім тергеу абақтысында отырғалы 4 айдың жүзі болды. Әбдішевқа қатысты тергеу ісінің әлі аяқталмауына байланысты оның уақытша қамауда отыру мерзімі ұлғайтылды.

Айтпақшы, осы істі тергеу барысындағы пайда болған айғақтар бұрынғы Қорғаныс министрі Серік Ахметовтың да үй қамаққа алынуына себеп болған-ды. Жақында Ахметовтың да мырзақамақта отыру мерзімі ұзартылған болатын. Сондай-ақ, интернет желісінде Ахметовтың өмірімен қоштасып, өзіне қол салғандығы жайында ақпарат пайда болған еді. Тиісті органдар бұл хабарды жоққа шығарды. Ахметов дін аман екен.

Абай.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516