Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 5304 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 13:28

Вице-министр жазалануы тиіс

...2011 жылы Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз баяндамасында «300 мың отбасы көшіп келді, еліміздегі оралмандардың саны 1,5 миллионға жуық» деді, ал кеше ғана Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Мәдина Әбілқасымова есебінше, Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдар ішінде шет елдерден 944 мың қазақ көшіп келсе, оның 860  мыңы ҚР азаматы атанған...

Меніңше, жақында ғана қабылданған, 2014 жылдың 6 мамырынан бастап күшіне енген Қылмыстық кодекстің 242-1 бабына сәйкес, «Жалған мәлімет тарату» туралы заңды қолданатын ыңғайлы кезең келген сияқты. Заңға сәйкес Президент айтқан дерек дұрыс болса, вице-министр жазаға тартылып, 1 жыл түрмеде отыруы шарт!

 

Дос Көшім

Abai.kz

0 пікір