Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 27090 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 13:47

Қазақтың 1%-ы ғана сауатты!

Баяғыда қызыл қанға боялған большевиктер келіп, киіз үйге қызыл туын тікті. "Қызыл отау" аталып кеткен ол үйге тек қыз-келіншектерді жинап орысша оқыта бастады. Мақсат - ертең анасы баласын орысша тәрбиелеу керек. (90-шы жылдардың басындағы түрік лицейлері секілді) Осы кезде орысша білмейтіндерді "сауатсыз" деді. Кейін орыстың тарихи кітаптарында, басылымдарында "XX ғасырдың басында қазақтардың 1% ғана сауатты болды" деген дерексымақтар көп жазылды.
Большевиктерше және Экономика және бюджетті жоспарлау вице - министрі Мәдина Әбілқасымованың тілімен айтсақ, XXI ғасырдың басында, яки дәл қазір шетелден келген қазақтар "не грамотные".
Ал өз басым басқаша айтар едім. Қазақстандағы 7 жастан жоғары хат танитындардың 50% астамы сауатсыз. Өйткені, олар мемлекеттік тілде жазғаны былай тұрсын, адам тілінде, қазақ тілінде сөйлесе алмайды.

(Айдос Жұқанұлының фейсбуктегі парақшасынан алынды)

0 пікір