Жұма, 29 Наурыз 2024
Өзгелер 4887 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 18:01

Украинада сайлау өтті. Киев пен Кремль енді қалай болар екен

Украинада көптен күткен сайлау өтті. Украина байларының тізімінде  жетінші болып тұрған Парламент депутаты Порешенко 53,86% дауыс жинап жеңіске жетті. Кеше, 25 маусымда өткен сайлауға елдің 60%-дан астам сайлаушылары қатысты. Украинаның экс-премьері, әрі президенттікке басты кандидат Юлия Тимошенко 13,10% дауыс жинады. Батыстық ақпарат көздері сайлау кезінде құқық бұзушылықтардың тіркелмегенін жеткізді. Сайлау кезінде елдің шығысындағы Луганск пен Донецк облыстарында да аз санды сайлау учаскелері ашылған. Дегенмен ресейшіл сеператистер демонстрациялар мен пикеттер өткізіп, сайлауға кедергі келтіріп баққан. Украинаның бас прокуроры Николай Гошовский сайлау кезіндегі 85% құқық бұзушылық аталған өңірде тіркелді дейді.

Украинадағы сайлауда күтпеген  жағдай тіркелмеді. Сайлаудың алғашқы нәтижелерінен-ақ алға шыққан Порешенко сайлау бітер-бітпестен баспасөз конференциясын өткізді. Алғашқы ісі елдің шығысындағы жағдайды тұрақтандыру болатынын айтқан ол, Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде мойындамайтынын да жеткізді. Сондай-ақ ол билікке келе сала Еуроодақпен байланысты нығайтпақ. Қазірге дейін Порошенконың жеңісін АҚШ пен бір қатар Батыс елдері  мойындап, құттықтаулар айтты. Польша президенті Бронислав Коморовский  телефон арқылы Порешенконы  құттықтап, маусым айының 3-4 күндерінде елге ресми сапармен келуге шақырды.

Украинада былтыр күзден басталған саяси тұрақсыздықтар президент Януковичты  ақпан айында биліктен кетуге мәжбүр еткен еді. Украина шығысындағы Қырым, Донецк, Луганск облыстары бүлініп, өз алдына сайлау өткізіп тәуелсіздік жариялады. Әлем елдері Украинаның жаңа билігі елдегі саяси тұрақсыздықты қалпына келтіре алады деп үміт артады. Украинада болып жатқан саяси жағдайға тікелей байланысты Ресей билігі бүгін жаңа билікпен әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді. Бұған дейін Ресейге Украинаның Еуроодақпен жақын қарым-қатынас орнатуы ұнамай келген болатын. Сондай-ақ, Украина НАТО-ға мүше болуға да мүдделілік танытып жүр. Порешенко елдің дамуын жүйеге түсіріп, мемлекеттік тұтастықты қалпына келтіретін саяси қадамдар жасай ала ма, бұл сауалдың жауабын алдағы күндерден күтеміз. Ең бастысы ресми Киев пен Крмельдің арасында қандай қарым-қатынас орнар екен?..

 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553