Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4565 0 пікір 27 Мамыр, 2014 сағат 12:03

ҚЫТАЙ САҚТЫҒЫН КҮШЕЙТІП ЖАТЫР

Қытай орталығының қауіпсіздігі енді әуеден қорғалмақ. Бұл туралы кеше, дүйсенбіде Бежің қоғамдық қауіпсіздігі басқармасы мәлімдеген. Син Хуа агенттігінің жазуынша полиция тікұшақтары күніне сегіз бағыт бойынша 2-3 реттен ұшып, барлау жасамақ. Барлау орындары негізінен транспорттық орындар, сауда нүктелері, туристтық аймақтар, жылдам магистралды аймақтар мен тығыз қоныстанған аудандар.

Бежің қауіпсіздік басқармасының өкілі Ян Дунфэнның хабарауынша тікұшақтар кез-келген күмәнді  және қолайсыз жағдайларда көмек пен қолдау көрсететін болады. Сондай-ақ тікұшақтардан түсірілген суреттер бірден сараптау тобында сараланып отырады.  

Сонымен қатар сенбіден бастап жер беті транспорттарының да қозғалысы қадағаланып,  ондағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мысалы қаңтар айында Бежіңнің алты жол қозғалыс стансаларында аэропортты металл іздеу құралдары орнатылған болса,  24 мамырдан бастап тағы үш орталықтан бөлек стансаларда орнатылған.

Қытай қауіпсіздік шараларын тек ел астанасы Бежіңде ғана емес, тұтас ел аумағында күшейте түсті. Естеріңізде болса 22 мамырда Үрімжі базарларының бірінде болған жарылыстан 39 адам өліп, 94 адам түрлі жарақаттар алған еді. Сонымен қатар осы қаланың вокзалында 30 сәуір де жарылыс тіркеліп, үш адам қайтыс болды. Өткен жылы қазан айында Қытай астанасы Бежіңнің Тян Ан Мын алаңында, наурыз айында Кунмиың қаласында тіркелген  террористік шабуылдар  Қытайды қауіпсіздік шаралары турасында әрекеттенуге мәжбүр етті. 

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір