Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5726 0 пікір 28 Мамыр, 2014 сағат 15:58

«МАЛЕФИСЕНТА» 29 МАМЫРДАН КИНОТЕАТРЛАРДА

 

«Малефисента» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесері еліміздің барлық кинотеатрларында 29 мамырда өтеді

«Малефисента» 2014 жылы қазақ тіліне тәржімаланған екінші голливудтық фильм болады.

27 мамырда Астанада «Болашақ» қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қазақ тілін үйрену мен дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру аясында Disney блокбастері «Малефисентаның» алдын ала көрсетілімі үймдастырылды. Фильм дубляжының бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Мультимедиялық технологияларды пайдалану – тілдерді үйренудің тиімді тәсілі. Әйгілі әлемдік фильмдердің дубляжы қазақ тілін танымал етудің ықпалды және де өнімді құралы болып табылады. «Болашақ» қауымдастығы 2011 жылдан бастап отбасылық көрсетілімге арналған голливудтық туындылар дубляжы бойынша жобаны іске асырады.

Ағымдағы жылы жаңа замандағы қазақстандық патриоттықты қалыптастыруға бағытталған голливудтық фильмдердің қазақ тіліне дубляжы бойынша жобасына  «Жастар – Отанға» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы  қолдау білдірді. Партия Доктринасында белгіленген мәдени және рухани құндылықтарды арттыру мақсатында, «Нұр Отан» партиясы «Айтыс», «Бүркітшілер фестивалі», «Көкпар», «Қазақша күрес», «Жайдарман», «Қазақстан барысы» секілді жобаларды қолдап келеді.  

Қазақ тілі ағылшын, француз, неміс, испан, португалия, орыс және басқа тілдермен қатар, «Малефисента» фильмінің кейіпкерлері сөйлеген әлемдегі             19-шы тілге айналды. Басты кейіпкерлерді дыбыстаған актерлер: Гүлназ Әуесбаева (Малефисента), Гүлнара Құрманбекова (ханшайым Аврора), Азамат Қанапия (Патша Стефан) және т.б. Фильм дубляжына шамамен 20 актер қатысты.

Ұйқыдағы ару туралы ертегіні жаңаша түсіндіруде басты рөлді танымал голливудтық актриса, «Оскар» сыйлығының иегері Анджелина Джоли ойнаған. Актриса Уилл Смит, Джонни Депп және Томми Ли Джонспен қатар алғаш рет қазақ тілінде сөйледі. 3D графикасының негізінде  толық қалпына келтірілген ойдан шығарылған ертегі әлемінің әсері «Аватар», «Алиса ғажайыптар әлемінде», «Оз: Ұлы және Жалмауыз» кинокартиналарын жасауға қатысқан шығармашылық топ жұмысының нәтижесі болып табылады. Фильм ағылшынның белгілі Pinewood Studio студиясында түсірілді – декорациялар,  оның ішінде ескі қорғанды дизайнерлер сол қалпындағы күйінде жаңадан жасады, ішкі көрініске негізінен сирек кездесетін заттар пайдаланылды. «Малефисента» фильмі екі «Оскар» сыйлығының иегері суретші-қоюшы Роберт Стромбергтің («Аватар»; «Алиса ғажайыптар әлемінде») режиссерлік дебютіне айналды. Фильм бюджеті – 200 млн. доллар.

Алдын ала көрсетілімге «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек, жобаны ұйымдастырушылар мен серіктестер, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, балалар үйінің тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, блогерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, республикалық жастар ұйымының, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері қатысты. 

Астанада алдын ала көрсетілім кезінде фильм сюжеті мен арнайы әсерлер залдағы балалардың назарын жаулап алып, көрсетілімге қатысушыларды  қуантты. Анджелина Джоли актриса Гүлназ Әуесбаеваның дауысымен сөйледі, ол өз кезегінде алған әсерімен бөлісті: «Мен үшін Анджелина Джоли кейіпкері Малефисентаны дыбыстау – зор жетістік. Дыбыстау актер үшін – бұл жаңа толық құнды рөл секілді. Мен «Болашақ» қауымдастығы және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қазақстандықтардың белгілі голливудтық блогбастерді мемлекеттік тілде көру мүмкіндігіне ие болғанына  ризамын».  

«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» АҚ үш жылдан бері фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бойынша жобаларға қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Бұрын Қордың демеулік қолдауымен «Қара киімділер 3/Люди в черном 3» және «Жалғыз рейнджер/Одинокий рейнджер» фильмдері аударылған.

«Болашақ» қауымдастығы мен «MARWIN» компаниясы серіктестер мен демеушілердің қолдауымен 4 жылдан бері рейтингілік және күтілетін фильмдердің дубляжы бойынша жобаны іске асырады, бұрын дубляжданған фильмдер:

Тачки 2/Көліктер-2, 2011ж. 

«Люди в черном III»/Қара киімділер-3, 2012ж. 

Храбрая сердцем/Батыл жүрек, 2012ж. 

Новый Человек паук/Жаңа Өрмекші-адам, 2012ж. 

Университет Монстров/Монстрлар Университеті, 2013ж. 

Одинокий рейнджер/Жалғыз рейнджер, 2013ж. 

Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат, 2014ж. 

Анықтамалық:

Зұлым жалмауыз Малефисента туралы ертегі 400 жыл бойы түрлі атаулармен баяндалып келеді (кейбір ортағасырлық нанымдарды қосатын болсақ шамамен 1000). Оның кейбір белгілері  белгісіз автордың 1527 жылғы прозалық рыцарьлық романында және итальяндық жазушы Джамбаттиста Базиленің «Күн, Ай және Талия» ертегісінде көрініс тапқан, ол «Ертегілер ертегісі» жинағына («Пентамерон») кірген. Осы жинақтың тараулары алғаш рет ертегі ретінде басып шығарылды. 1697  жылы Шарль Перро өзінің «Ана Қаздың ертегілерінде» оқиғаны өз  нұсқасында баяндады. 1812 жылы ағайынды Гриммдер Перро сюжетін толығынан өзгертті. Зұлым күштің қаһарына іліккен  сұлу ханшайымның тарихы «Шиповничек» деп аталды.

XX ғасырда ертегімен «Ұйқыдағы ару» фильмін шығарған Disney сценаристері мен аниматорлары айналысты, ол 10 жыл түсірілімнен кейін 1959 жылы үлкен экранда көрінді және сол кезде Уолт Дисней студиясында түсірілген ең қымбат фильмге айналды.

2014 жылғы «Малефисента» фильмінің сюжеті әлемдік Disney студиясының «Ұйқыдағы ару» атты классикалық фильмінің кейіпкерінің, анимациядағы ең белгілі жауыздардың бірінің осы уақытқа дейін белгісіз тарихын баяндайды. 

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616