Жұма, 19 Сәуір 2024
Қоғам 9956 0 пікір 5 Маусым, 2014 сағат 12:48

АРДАГЕРЛЕР «АҢЫЗ АДАМНАН» 50 МЛН. ТЕҢГЕ ТАЛАП ЕТУДЕ

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан он  ардагер бірлесіп, «Аңыз адам» журналын сотқа беріпті. Он ардагердің 7-і қарттар үйінде тұрады екен.  «Ең жасы» – 83-те, қалған тоғызы 90- нан асқан ардагердің талап арызында журналдың Гитлер туралы шыққан санынан моральдық зиян шеккендіктері, сол себепті «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналы бас редакторы мен меншік иесі Қазақстан халқы алдында, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлері алдында фашизмді насихаттағаны үшін жариялы түрде кешірім сұрауға міндеттелсін делінген.

Және де талап арыз берушілер: «Д.Керимкуловтің,  К.Алдияровтің, А.Назаровтің, М.Целуеваның, П.Дранишниковтің, П.Протасенконың, Н.Жоговтың, И.Щербининнің, В.Кащееваның, В.Яловеганың есебіне моральдық зиянның орнын толтыру үшін «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалының есеп айырысу шотына қаражат аудару арқылы әрбіреуіне 5 000 000 (бес миллион) теңгеден өтемақы өндірілсін» деп отыр. Ардагерлердің сотқа жазған арызындағы талаптары – осы.

Төменде ардагерлердің талап арызын және сотқа шақырту қағазын беріп отырмыз.

Ардагерлердің талап арызы:

 

Cотқа шақырту қағаз

0 пікір