Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Қоғам 5133 0 пікір 13 Маусым, 2014 сағат 12:17

«ҚАЗАҚСТАН «СТАН» ЖҰРНАҒЫНАН БАС ТАРТПАЙДЫ»

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов франциялық «La Vanguardia» басылымына берген сұхбатында Қазақстан «стан» жұрнағынан бас тартпайтынын айтқан.

«Бұл – БАҚ-тың қалжыңы. Оны шын деп қабылдауға болмайды. Қазақстан – Қазақстан болып қалады», депті министр.

Ал, ағымдағы жылдың ақпан айының басында Атырауға барған сапарында Президент Назарбаев болашақта Респулбика атауын Қазақ елі деп өзгерту мәселесін халықпен ақылдаса отырып қарау керектігін мәлім еткен еді.

Президенттің бұл сөзі үлкен қоғамдық талқыға ұласып, ел ішіндегі ең қызу талқыланған тақырыптардың біріне айналып еді. Билік тарапынан нақты әрекет болмағандықтан, қазақ елі туралы қоғамдық пікірде уақыт өте келе саябырсып, ұмыт болды.

Енді, міне, Ерлан Ыдырысов мырза Президент айтып, халық талқылаған мәселені бар болғаны БАҚ-тың қалжыңы деп отыр.

Abai.kz

0 пікір