Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 4946 0 пікір 18 Маусым, 2014 сағат 12:14

Азат Перуашев автоәуесқойларға кеңес берді

«Ақ жол» партиясының көшбасшысы автоәуесқойларға, олардың кез келген жол көлік оқиғаларының (бұдан әрі қарай - ЖКО) бейнетіркегіштерде кадрге түскен бейнежазбаларына ақы төлеуді ұсынды. Азат Перуашев бұл ұсынысты өткен аптада, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы қоғамдық кеңестің жол қозғалысының қауіпсіздік мәселелеріне арналған отырысы барысында жария етті.

Сонымен бірге, депутат «Ақ жол» партиясының фракциясы жолдарда адамдардың жаралануы және қайтыс болуының өсіп келе жатқаны тура көрсеткіштерге үкіметтің назарын үнемі аударып келе жатқандарын еске салды. Мәселен, 2012 жылы 19 қыркүйекте ҚДП фракциясы мүшелерімен үкіметке республикалық маңыздылығы бар жолдарға, 4 жолаққа дейін кеңейту және қарама-қарсы бағытпен бөлетін тосқауылдар орнату жолымен жаңарту жүргізуді ұсынған депутаттық сауал жіберілген болатын. Көрсетілген жол,  қозғалыстың жоғарғы тығыздығына қарамастан,  негізгі аралықта екі жолақты болып отыр, бұл қарама-қарсы жолаққа шығу кезінде апаттарға жиі әкеледі. Дәл осындай апаттар адамдардың өлімімен және жарақаттанушылықтың айрықша деңгейімен ерекшеленеді.

«Біз, салыстырмалы 10 жылдық мерзімде жолда қаза тапқан қазақстандықтардың Кеңес Әскерінің Ауғанстанда жоғалтқан әскерінен 2  есеге жоғары болатын сұмдық статистиканы келтірдік.

Мен тіпті сонда, Қазақстан жолдарында біздің азаматтарға қарсы жарияланбаған соғыс жүріп жатыр деп айтқанмын», - деп атап өтті Азат Перуашев.

Оның пікірінше, жолдардың сапасын жақсарту, олардың жүретін бөліктерін қарама-қарсы бағытпен бөлетін тосқауылдармен бөлумен 4 және одан да артық жолаққа дейін кеңейту – апаттарды біршама азайтады және көптеген өмірді өлімнен құтқаратын еді.

         Сондай-ақ, депутат соңғы екі жылда «Ақ жол» ҚДП фракциясы Үкіметке басқа да – астыртын автотасымалдаудың  жолаушылардың денсаулығы үшін қауіп-қатерлері, жол құрылыстарының сапасы және құны,  т.б. жол қауіпсіздігі туралы өзекті тақырыптар бойынша бірнеше мәрте  сауалдар жолдағанын еске салды.

         Сонымен қатар, Парламенттегі демократиялық фракцияның жетекшісі осы жұмыстың келешектегі бағытын  инновациялық технологияны дамыту деп атады.

- Қазір ТЖМ министрі қоғамдық көліктерге көпшілік адамдарды тасымалдау үшін - капоттың астындағы автоматты түрде іске қосылатын өртке қарсы жүйені (автоматты өрт сөндірушілер) орнатуды міндеттейтін  еуропалық техреттеуді мысалға келтірді. Бізге де осындай талаптарды енгізуді ұсынған Владимир Карпович, өте дұрыс айтты. Бұл талапты нақты бір өндірушінің өніміне әкеліп тіреп қоюға болмайтыны, ол - басқа мәселе. Маған кезінде  осындай жүйені ойлап тапқан біздің қазақстандықтар да келген. Олар көптеген әуре-сарсаңнан кейін өздерінің жұмыстарын патенттеген, бірақ Қазақстанда емес, Қытайда, себебі өз отанында оны қолдану мүмкін болмады. Біздің инженерлерге де осындай құралдарды өндіруге және орнатуға қатысуға мүмкіндік беру керек.

Әйтпесе, біз өзімізде барды бағаламаймыз да, аяғымыздың астында жатқанды шетелден іздейтін болғанбыз.

Азат Перуашев басқа отандық өнертапқыштың сәтсіз тәжірибесіне де сілтеме жасады: Алмат Салғарин, белгілі инноватор, бір-екі жыл бұрын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жылдың үздік инновациялық жобасы үшін «Шапағат» сыйлығын алған. Басқа жаңалықтарынан тыс, ол – жол белгілерін «оқитын» құрал арқылы автокөліктің жылдамдығын шектеуді ойлап тапқан автор.

- Мен, сонда ІІМ-не бұл мәселені іс жүзінде қолдануды зерттеуді ұсынып  хабарласқанмын. Маған мұны «Жол қозғалысы туралы» заңның жұмыс тобының шеңберінде жасау қажет болады деп жауап берді. Заңды біз жуырда қабылдадық, авторды ешқайда шақырғамыз жоқ. Ал, адамдар апат болуды жалғастыруда... – деп ашынды Перуашев.

Осыған байланысты «Ақ жол» партиясының көшбасшысы ЖКО-ның салдарларымен күресіп қана қоймай, оларды ескертуде жаңа технологияларды белсенді түрде енгізуді ұсынды. Тіпті, ЖКО-нан кейін де заманауи құралдардың рөлі өте жоғары болуы мүмкін:

- ЖКО-ның мән-жайын анықтау қиын болып жатады, кейде  бұл бұзақыларды жауапкершіліктен алып кету үшін әдейі жасалады. Осыдан кейін әуре-сарсаң басталып, схемасы қайта жасалады, айғақтар өзгертіледі...

Бірақ қазір ХХІ ғасыр, көптеген автомобильдерде бейнетіркегіштер тұр. Ондағы жазбалар бойынша оқиғаның қалай болғанын анықтау қиын емес. Әркім, өзін-өзі осындай бұрмалаулардан қорғау үшін тіркегіш қойса, онда іс басқаша. Өйткені, тіркегіштің жадысында объективке түскен барлық басқа да ЖКО-ы да сақталады.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат үшін сыйлықақы енгізудің баламасы бойынша мен нақты ұсыныс енгіземін: басқа көліктің қатысуымен болған кез-келген ЖКО-ның мән-жайы түсірілген жеке бейнетіркегіштердің жазбаларын ІІМ органдарына немесе прокуратураға әкеліп бергендері үшін  - 2-ден 5 мың теңгеге дейінгі азғантай төлем енгізу.

Сонда, көптеген алаяқтардың, олар кім болса да және олар қанша төлесе де амал-шарғыларға мүмкіндіктері болмайды – деп түйіндеді Азат Перуашев.

Бұл бастама ҚР Бас прокуроры тарапынан қолдау тапты, себебі Асқат Дауылбаевтың айтуынша,  ол бірнеше мәселені шешеді: оқиғаның нақты көрінісі қалпына келеді, жол қозғалысына қатысушылардың азаматтық белсенділігін ынталандырады, ал жүргізушілер шамалы сыйақы арқылы бейнетіркегішті орнатудың орнын толтырады, бұл оларды ешбір у-шусыз жаппай енгізуге әкеледі. Бұл, өз кезегінде жолдағы  тәртіптің кепіліне айналады, себебі бұзақылардың іс-әрекеттері туралы куәлік  көптеген куәгерлермен тіркелетін болады.

- Бүгінгі таңда ЖКО-ның мән-жайын тергеу бойынша шараларға көп уақыт және бюджеттік қаражат кетеді. Бір сараптаманың өзі қанша уақыт алады! Ал мұнда шығынды қысқартамыз, бюджетті үнемдейміз, нақты ақпарат та аламыз – деп келісті бас прокурор. Жиналыстың қорытындысы бойынша Асқат Дауылбаев осы ұсынысты іске асыру үшін қарауды тапсырды.

«Ақ жол» демократиялық партиясы қазақстандықтардың мүдделері үшін  жұмысын жалғастыра береді. 

16 маусым 2014 жыл,

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

0 пікір