Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 9988 0 пікір 25 Маусым, 2014 сағат 15:39

ЗИНАҚОР МЕН ЖЕЗӨКШЕГЕ

Көзіңді жұмбай тіке қара Зинақор ...Көзіңді жұмбай тіке қара Жезөкше... олай жасамасаң болмас па еді бұлай ...

Сізге ұрысқан манағы ағатай кім?
Не бүлдірдің соншама, маматайым?
Жылап қана қалғаныңның себебі не?
Жан едің ғой ақкөңіл, қарапайым.

Мама, сіз жыламаңыз, жыламаңыз,
Мақсаттар мол, сүрініп, құламаңыз,
Сіз жіберген ағаттықты, мен келген соң,
Алла жазса, оң жақты қыла аламыз.

Екі айлық дамушымын құрсақтағы,
Жеті айдан соң туыламын ұқсап бәрі.
Анашымды көруге асығыспын,
Уақыт керек ынтығып тұрсақтағы.

Сізге деген сағынышпен өтуде күн,
Мұңайсаңыз, тарылады бүкіл денем.
Өмірге келе сала өзіңізбен
Қауышқанды мен асыға күтудемін.

Сәл шыдаңыз, өмірге мен келейін,
Жынысымды, есімімді иемденейін.
Содан соң жаныңызда мәңгі болам
Әзірге шыдам керек сол демге дейін.

***

Анашым, үйге қазір қайтамыз ба?
Мына жер тым салқындау, қайдамыз а?
Мынасы кім ақ халатты? Дәрігер ме?
Түсіне алмай отырмын жайға дым да.

Не деп жатсың, анашым, ол не дейді?
Бұл дәрігер түсі суық… Емдемейді!
Неге тағы жыладың? Жылағаның
Маған ауыр, болғанмен елге мейлі.

Көз моншағын көрсетпе мұндай жерде,
Қорқынышты жер, білем, жылай берме.
Ақ халатты бұл кісі не деп айтты?
Ақты неге маңдайдан судай тер де?

Маматайым, кеш болды ғой қайтайықшы,
Жанымнан шығып жатыр айқай ішкі.
Маған аян — ауырмайды ешқай жерің.
Дәрігерге «Сау бол!» деп айтайықшы.

Анашым, неге тұрсың жиі итеріп?
Тұрғандайсың мына менен жиіркеніп.
Сезбей тұрмын мен сені!
Жас дамушы
қалатындай өмірге биыл келіп.

Не үшін дәрігерге келдік екен?
Жиіркену… Бұл енді сізге бөтен.
Түсіну де қиындады, анашым-ау,
Сонда да түсінгендей енді бөпең…

Сан сұрақтар ойымды жаңғыртуда,
Анау жатқан құрал бала алдыртуға.
Түсінбедім, анашым, мұнда келген
Мақсатың — мына мені алдырту ма?

Жоқ… Жоқ… Жоға, жоқ…
Ех…
«Алдырт!» дей ме? Соларға бағынғанша,
Жоқ, анашым, арбауға салынғанша,
Ойлана түс, тағы ойлан! Не кінәм бар?
Асықпашы шешіммен, сәл ойланшы!

Анашым-ау, ойланшы бек жақсылап,
Асықпашы, жасамашы бір жат қылық.
Неге сен үндемейсің, маматайым?
Мінезің өзгерген бе сәл қатты боп?!

Жоқ, анашым, үндеймей тұрма, жо-жоқ…
Көрсетпеймін дегенің бе маған жер-көк,
Күннің нұрын көрмеймін бе, айлы түнді,
«Айтпаймын, дегені ме өмір, Төрлет!?»

Жанмын ба әлде өмірге, төрге бөтен,
Жарық дүние неліктен көрмей өтем?
Басқа сәби аман есен туылғанда,
Мен қалайша көктегі көрге кетем?

Жан анашым, мін таптың қай жерімнен?
Мен саған не істедім айт ерінбен!
Ертеңгі күн туылар балалардан
Айтшы, мама, мына менің қай жерім кем?

Мен де сезем Дамушы болғаныммен,
Жүрегіммен, аяғым, қолдарыммен.
Мен сенің, жан анам, бір бөлшегіңмін.
Түсінемін, жауап берем ымға ыммен.

Кезім бар ма еді әлде сізді мазалаған?
Қолданған түріңіз ғой жаза маған.
Түзелемін шын сөзім, ойлаңызшы,
Тумай жатып қалайша қаза болам?

Алдыртпашы, анашым, мені алдырма!
Мен де аунағым келеді көгалдарға,
Махаббатты, жылулықты сезгім келед,
Өмірге ғашықпын мен! Сезе алдың ба?

Алдыртпашы, емес қой жоқ амалы,
Алдыртпашы ақылды болам әлі.
Тіл аламын, тентектік жасамаймын,
Боламын ғой қазақ қара домалағы!

Жайдан жай құрсақ жатып шетінер кім?
Алдыртпашы, ана, бүгін бекінер күн.
Керегім жоқ болса да, ту да мені
Өткізе сал үйіне жетімдердің.

Анашым, беремісің келісімді?
Болмаса да бұл ісің кеңес-үлгі.
Жетім болып кетпеймін онда жүріп,
Тауып алам бәрібір мен өзіңді.

Ал егерде барын құртсаң жағдайымның,
«Өшірсең жазуларын маңдайымның»,
Осылай дұрыс болса өзіңізге,
Өмірімді беруге мен дайынмын!

Маған, мама, бар екен өкпе кімде?
Туар едім мезгілдің көктемінде.
Анашым-ау!
Жаным-ау!
Ардақтым-ау!
Өзіңізді көре алмай өткенім бе?

Жан анам, аяулы анам, байқа дейін,
Шығатындай жанымнан айқай кейін,
Жан Анашым осылай шешсе, енді
Құдайым-ай, қайтейін, әй, қайтейін?!

«Болар болды, не болар енді?» деймін
Уайымдама, маматай, ренжімеймін
Тек шуағым шашамын бір өзіңе,
Көктен қарап, сырттай мен елжіреймін.

Тілеп жүрем — айырмам басқасынан,
Кетпесін деп анамның бақ басынан.
Кездесерміз, тозақтың оты емес
Күтіп алам жұмақтың қақпасынан.

Жұмаққа өзім бастап кіргіземін,
Бұлттардың үстіменен жүргіземін.
Жұпар иісті гүлдерін сыйлайм сізге,
Аралатам, көрсетем жұлдыз елін!

Мен боламын жұмақта айтар әнің
Ол жерге жаман бармас – байқағаным.
Сен маған бір жамандық жасағанмен,
Мың есе жақсылық қып қайтарамын...

Сапаркүл Өмірзаққызының "facebook" әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551