Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 6518 0 пікір 26 Маусым, 2014 сағат 15:21

ҚАТЫНЫММЕН АЙТЫСЫМ

Осы, Айтыскер ақындар бір-бірімен айтысып мәшине дейсін бе, кәнверт дейсің бе, тіпті Алтын домбра ұтып алып жатады. Ал, МЕН, күн сайын ҚАТЫНЫММЕН айтысам да жүрем... Ұтқан түгім жоқ. Қатыным айтады "анау жеріңді жуан саннан жоғары қарай қысе-е-е-еп қана, айтыспай неге тыныш жүрмейсің" дейді.... Менікі онша қысыла қоймайтын бір пәлесі бар-ау деймін... айтысып кетем ... қолыма домбра ұстамай-ақ, ... Қай жерде жүрсем де қате жазуды көрсем, бітті... айтысқым келіп кетеді.... Көп жағдайда жеңе алмай, күйініп, үйге келсем Қатыным айтысқа шақырады....... (мынау сол бір айтысымнан үзінді).

ҚАТЫНЫММЕН АЙТЫСЫМ

Қатыным:

Айтыспай тыныш жүрсең ғой,
Бастығыңа жағар ең!
Өтірік кейде күлсең ғой,
Жайлы қызмет алар ең!
Шамалы қулық білсең ғой,
Молдау айлық табар ең!

Мен:

Үндемей жүрсем жүндейді,
Асып кетсем – күндейді.
Өтірік күлген адамды,
Деймісің, бастық білмейді?
Көрсетсең де нәтиже,
Көздеріне ілмейді.
Арам табыc жасасам,
Байыңды ел-жұрт кім дейді?
Ондай талант менде жоқ.
Қолымнан қулық келмейді.

Қатыным:

Жұрттың анау, қатыны,
Үлде менен бүлдеде!
Иномарка, алтыны
Болмайды неге менде де?

Мен:

Айтысты бастап кеттің ѓой,
Мүжімесең болмай ма?
Жауапсыз қалсам үндемей,
Шындық өліп қалмай ма?
Өмір деген осындай,
Айтыстардан тұрмай ма? – деймін да, баяғы...

(Мұхамбедия Ахметовтің фейсбуктегі парақшасынан) 

0 пікір