Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 10840 0 пікір 30 Маусым, 2014 сағат 18:15

ОРТАҚ ТҮРКІ ТАРИХЫ ЖАЗЫЛАДЫ

 Түркі академиясының төрағасы Дархан Қыдырәлі Еуразияда алпауыт мемлекеттер құрған түркілердің тарихының олқы жазылғанын айтып, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядағы маңызды тарихшылардың Түркі академиясы шаңырағы астында ортақ түркі тарихын жазатындарын білдірді. Қыдырәлі Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия бірлесіп 2012 жылы Бішкек қаласында қол қойған Түркі академиясының құрылуы жөніндегі келісімнің мүше елдердің парламенттерінде мақұлданғанын хабарлады. Түркі академиясының жақын арада халықаралық мәртебе алатынын да атап көрсеткен төраға Бодрум саммитінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен академияда түркі әлемінің ықпалдастық бағдарламасы дайындықтарының басталып кеткенін айтты. Биылғы жылдың аяғына дейін халықаралық мәртебе алу үдерісі аяқталады деп күтіліп отыр. Артынан мүше елдердің төраға орынбасарлары тағайындалады. Осылайша түркі әлемінің интеграциясында динамикалық бір үдеріс басталады. Түркі әлеміне байланысты бүгінге дейін жүргізілген ғылыми жұмыстардың жалпы тіл тақырыбымен шектеулі қалғанын назар аударған Қыдырәлі мұның да ортақ тарих зерттеулерінің кенже қалуына жол ашқанын айтты. Қыдырәлі «Еуразияда алпауыт мемлекеттер құрған түріктердің тарихи олқы жазылды. Енді Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның маңызды тарихшылары Түркі академиясы шаңырағы астында ортақ түркі тарихын жазады» деді. Академияда түркі әлемі жөніндегі тарих, археология, этнографиялық еңбектермен қоса жоғалуға бет алған түркі диалектілерінің сақталуы және түркі тіліне жаңадан қосылған сөздердің қолданылуында ортақ комитеттердің белсенді түрде жұмыс істеуі көзделіп отыр. Түркі әлемінің мәдени құндылықтары және өркениеттеріне байланысты еңбектер мен әлеуметтік-экономикалық үдерістерді бақылайтын зерттеу топтары да құрылады. Осы ғылыми жұмыстардың барлығы «Global Turk» атты журналда жарияланып отырады.

Дереккөзі: http://www.trt.net.tr

0 пікір