Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4217 0 пікір 3 Шілде, 2014 сағат 10:05

"Антигептил" белсенділері Путинге хат жолдады

Былтыр Байқоңырда болған апаттың бір жылдығына байланысты «Антигептил» қозғалысының белсенділері қарсылық акциясын өткізді деп хабарлайды «Ктк» телеарнасы. Кеше Протон зымырандарының ұшырылыуын доғаруды талап етіп жүрген табиғат жанашырлары Ресей президентінің атына үндеу хат жолдап қана қоймай, өткен айда марқұм болған «Роскосмостың» экс-басшысының рухына құран бағыштады.

Владимир Поповкин 18-ші маусымда ұзақ ауырып қайтқан болатын. «Роскосмос» басшысы былтыр Байқоңырда Протон зымыраны құлағанда гептилге уланды деген ақпарат тараған. «Антигептил» белсенділері сол Поповкин сияқты улы отынының кесірінен Қызылорда облысында да талай азаматтың көз жұмғанын айтып отыр. Сондықтан Протон зымырандарының ұшырылымын доғаруды кезекті рет талап етуде. Дегенмен табиғат жанашырларының қарсылығына қарап жатқан ешкім жоқ. Бүгін де қолдарына 7 беттік қағаз ұстаған «антигептилшілерге» Ресей елшілігінің қатардағы қызметкері ғана шығып, Путинге жазған хатын алып қалды. Әйтсе де белсенділер істі аяғына жеткізбей тынбақ емес.

-Біз бәріне дайынбыз. Өйткені бізге өзіміздің бостандығызым емес, Қазақстанның болашағы маңызды. Соны біз орындатамыз. Соны біз жасаймыз. Бізді ешкім тоқтата алмайды, - дейді «Антигептил» қозғалысының белсендісі Ұлан Шәмшит.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3605