Сенбі, 20 Сәуір 2024
Өз сөзім... 4732 0 пікір 8 Шілде, 2014 сағат 09:29

САТАРОВ: "ОТАНШЫЛДЫҚ" - БАСҚАНЫ ЖЕК КӨРУ ЕМЕС

Белгілі ресейлік көсемсөзші, қоғам қайраткері Георгий Сатаровтың мына бір пайымы бізге де қатысты екені анық. Шынында да, біз де отаншылдығымызды, ұлтшылдығымызды басқаны кемсіту мен жамандау арқылы «дәйектеп» жүргендей көрінетін жайттар аз емес. Сонымен Г.Сатаровқа сөз берсек: «Бұл - отаншылдық емес, бұны отаншылдықпен шатастырмаған дұрыс. Бұл – жөліктік. Отаншылдық – өз Отаныңа деген іңкәрлік, басқаны жек көру емес. Бізде өзгені жақтырмауды қоздыра түсуде. Кімге болса да – Америкаға ма, Украинаға ма. Түсініктірек болу үшін бір мысал келтірейін. Сіз өз бақшаңызда шалқан, аскөк егуге, отырмақ орын жасауға күш жұмсап, оны барынша мәпелейсіз, болмаса – шарбақ арқылы шаптырып, көршінің қорасына от қойып, өзіңнен гөрі оның жағдайының нашарлауына кірісуге де болады. Ал, енді осы екеуінің, сізше қайсысы отаншылдық: біріншісі ме, екеншісі ме?» P.S. Естеріңізге сала кетейік, ресейлік көсемсөзші Георгий Сатаровтың баспасөздегі өткір ойлары мен көзқарастарына байланысты РФ Президенті Путин оны патриот емес деп кінәлаған болатын.

Abai.kz

0 пікір