Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 6930 0 пікір 10 Шілде, 2014 сағат 22:46

Мұхамбедия Ахмет. НЕ БІТІРІП ЖҮРМІН ?..

***Он қайнаса сорпасы қосылмайтын ҚТЖ (Қазақстан Темір Жолы) аудармашыларына, Минтранском дегеннің қазақтарына, Автотранспорт саласындағы Мемлекеттік тілде құжат толтыратын мамандардың шақыруымен соңғы 2-3 жылда 3-4 дәріс беріп, семинарларына қатысыппын. Солардың салалық терминдеріне қатысты слайдтар дайыдап, аудармадағы қателерін талдап, намысын оятқан болып тыраштаныппын... Ә-ә-ә-әй... Бірақ... Бірінші басшы қазақша сайрап тұрмаса іс түзелуі қиын... Кез келген министрлік солай.....
*** Астана қаласындағы Емдеу мекемелерінің ұйымдастырған семинарларына шақырғанынан қалған емеспін. Мен лекция оқымаған аурухана қалған жоқ шығар Астанада.. Тақырып сол баяғы қазақша дұрыс аудару мәселесі... дегенмен жылжу бар... Соңғы 5-6 жыл ішінде Қазақстандағы Медициналық ЖООлардың Мемтілге қатысты, кәсіби тілімізге қатысты арнайы ұйымдастырып, шақырған семинарларында дәріс оқып, 6 ЖОО-ның алтауын да аралап шыққаныма әріптестерім куә. Және ол лекцияларым 7-10 минуттық баяндама емес, кейде жарты күн бойы, арасында үзіліс жасап алып жүргізілген сабақ десе болады. Соңғы 4-5 жылда ТІЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ тапсырмасымен Астанадағы араластілді 10-15 мектепте де (нақты саны есте жоқ) дәріс бердім. Астанадағы әскери бөлімшелер де шақырған, "Тіл және патриотизм" тақырыбы... 4-5-інің Алғысхаттары кабинетімде ілулі тұр....Басқа да мекемелердің бергені баршылық, жарты қабырғаны алып тұр... Астана Медицина университетіндегі өзім басқарып отырған бөлімім «Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімі» деп аталады. Астанадағы 14 Жоғары оқу орынының арасында жүргізілген конкурста БІРІНШІ ОРЫН алдық. ...... ***Бұларыңды "неменеге жаһанға жар салып айтып отырсың" дейтіндер де бар екенін білемін... "Көшедегі қателердің фотосын салып, сынағаннан басқа не білесің" дейтіндерді де естіп жүрмін.... Қолымнан келетінін істедім, өрем жетеді-ау деген саланы талдадым... жүрегімді сыздатқан саланы сынадым... "Чё ты лезишь в филологию, занимайся своей кардиологией" дегендерді де естігем... Сол үшін жазып отырмын.

(Мұхмабедия Ахметтің   фейсбуктегі парқашасынан алынды)

0 пікір