Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4834 0 пікір 25 Шілде, 2014 сағат 13:10

Украинада уақытша премьер болып Гройсман тағайындалды

Украина премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы болып  вице-премьер, ТКШ және құрылыс, өңірлерді дамыту министрі Владимир Гройсман тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.  Украина ІІМ басшысы  Арсен Аваков Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазуынша бұл туралы шешім үкімет отырысында қабылданған. Бұдан бұрын Украина премьері Арсений Яценюк Жоғарғы Радада өзінің отставкаға кететіні жөнінде айтқан еді.  

 Трибунадан сөз сөйлеген Яценюк оның үкіметі қазіргідей орын алған жағдайда қолдан келгеннің бәрін істегенін айтты.  Депутаттар маңызды заңнамаларға дауыс бермегендіктен премьердің әрі қарай жұмыс істеуге құлқы болмған. Бұдан аз уақыт бұрын Жоғарғы Радада басқарушы коалицияның құлағандығы ресми түрде жарияланған болатын. Енді парламент тарап, жедел сайлау өтеді деп жоспарлануда. Айта кетер болсақ, Арсений Яценюктің үкіметі 2014 жылдың ақпанында құрылған болатын. Ол сол кездегі Украина президенті Виктор Януковичті биліктен құлатқан еді. Ол 2014 жылы 27 қаңтарда «Еуропалық таңдау» депутаттар фракциясының парламенттік коалиция құрылған соң үкіметті басқарған.  

Абай-ақпарат 

0 пікір