Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Қоғам 8343 0 пікір 29 Шілде, 2014 сағат 11:51

АСЫҢДЫ ІШІП, АЯҒЫҢДЫ ТЕУІП...

   Біз осы не деген ерекше көнтеірлі, аса шыдамды халық  едік. Есіктен кіріп, төр менікі десе де, өзіміз шақырып, жатып жастық, иіліп төсек болған қонағымыз да басымымызға секіріп, аузына келгенін айтып жатса да қыңқ демейміз. Өткенде Ресейдің Панин деген артис-сымағы елімізді аралап жүргенде ішіп алып, сахнада ойынан келгенін істеген. Онымен қоймай полициямен жаға жыртысып, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан. Бара-бара тіпті біздің көрермендердің мәдениетсіз екендігін де жайып салған. Үндеген жоқпыз, іштен тындық..


    Өткенде Металлург күнін мерекелейміз деп Қарағандының кеншілері шақырған Ресейдің бір Слава деген әншісымағы бір-екі ән айтып, қалтасын ақшаға қампитқаннан кейін, әуежайға барып арақ ішіп, сайранды салған. Бүкіл ғимаратты басына көтеріп, даңғаза етіп отырғаннан кейін, әуежай қызметкерлері есірткі ішкен болар деген күдікпен тексеруге апарса, оны да үлкен шоуға айналдырған. Бұл да еңбексіз келген құрмет пен сыйға масайрағаны соншалық, біздің полицияға тіл тигізііп, «маған дөрекілік көрсетті» деп шашын жұлуға дейін барған. 
        Ал күні кеше Атырауға келген Бьянка деген әншісымағы осы қаланың жолының да, дыбыс аппаратурасының да әжетханааның сасық дүниесіне пара-пар екендігін айтып, әндеткендігін қайтерсің.

 

     Сонда дейміз-ау, өз ақшаңа өзіңді мазақ еткен әншілерге тиым салатын адамның болмағаны ма? Әлде біз қонақжайлығымызға қоқаңдаумен жауап беру олар да өзінше дәстүрге айналдырған ба? Сірә, "біреудің қаңсығына қашанда таңсық" болатын, өз таланттыларымызды бөтен жұрттың талантсыздарына жығып беретін жұрттың еститіндері осындай былапыт сөздер мен мәдениетсіз қылықтар болары заңды дүние ме екен?
 

Мұратбек Дәуренұлы.
Қостанай.

 Abai.kz

0 пікір