Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4107 0 пікір 29 Шілде, 2014 сағат 13:31

ЕО ҚЫРЫМҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА САНКЦИЯЛАР САЛАДЫ

Еуропа Одағы (ЕО) Қырым мен Севастопольде инвестиция мен сауданы шектейтін санкциялар пакетін салуға келісті. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, мұндай шешім дүйсенбіде Брюссельде ЕО елдері өкілдерінің тұрақты кеңесінің жиынында қабылданған. Бұл туралы "Азаттық радиосы" жазды.

Санкциялар Қырым түбегінде мұнай өндірісіне инвестиция салуға, транспорттық, телекоммуникациялық және энергетикалық салаларға қатысты салынбақ. ЕО бұған қоса сегіз шенеунік пен үш компанияға виза беруге тыйым салып, есеп-шотын бұғаулаған. ЕО оларды "Украинаның территориялық тұтастығына қарсы әрекет еткен ресейлік шенеуніктерді қолдайды" деп санайды.

Жаңа санкциялар пакеті 31 шілде күні қабылданып, жарияланатын болады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3554