Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5069 0 пікір 30 Шілде, 2014 сағат 15:03

Түркияда Ұлықбек Есдәулетовтің жыр жинағы жарық көрді

Қазақтың талантты ақыны Ұлықбек Есдәулетовтің Анкара қаласындағы «BENGU» баспасынан «Siirler» («Жырлар») атты жыр жинағы жарық көрді. Бұл туралы Әдебиет порталына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Жинақты түрік тіліне аударған Мәлік Отарбаев, тәржімасын редакциялаған түрік ақыны Метин Өзарыслан. Алғы сөзін жазған Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы, белгілі түрік прозашысы Якуб Омероғлы. Ақынның жылқы жылы туылғаны ескеріліп, кітап мұқабасы арғымақтардың суретімен безендіріліпті. Өскеменде өткен ақынның 60 жылдық мерейтойында Якуб Омероғлы арнайы келіп, осы сүйінші хабарды қалың оқырманға жеткізген еді.

Бұған дейін талантты ақынның Қытай, Монғолия елдерінде де бірнеше кітаптары жарық көрген болатын. Күзде Түркия елінде және Алматы, Астана қалаларында ақын жинағының тұсаукесер рәсімі болады деп күтілуде.

Абай-ақпарат

0 пікір