Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4657 0 пікір 31 Шілде, 2014 сағат 14:16

Италия жоғары соты: Шалабаева ҚР-ға заңсыз депортацияланды

Италияның жоғарғы кассациялық соты 30 шілдеде Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуаның Қазақстанға депортациялануы “заңсыз болды” деген шешім шығарды. Бұл жайында Италияның ANSA агенттігіне сілтеме жасап Azattyq.org хабарлады.

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, сот 2013 жылғы 31 мамырда шығарылған Шалабаева мен Алуаны Қазақстанға депортациялау туралы ордердің күшін жойған.

Мұхтар Әблязовтың әйелі мен кәмелетке толмаған қызы Қазақстанға 2013 жылы маусым айының басында әкелінді. Депортацияның алдында оларды Италия полициясы арнайы операция жүргізіп ұстаған. Кейінірек Италия үкіметі бұл депортацияның заңсыз екенін мәлімдеп, оқиғаға байланысты Италия ішкі істер министрлігінің шенеунігі кінәсін мойындап, жұмысынан босатылды. Ал биылғы сәуір айында Италия билігі Әблязовтың әйелі мен қызына босқын мәртебесін берген.

2013 жылы маусымның 31-і күні Францияның Муан-Сарту қаласында ұсталған Әблязов қазір сол елде қамауда отыр.

Aбай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616