Жексенбі, 22 Қыркүйек 2019
Өзіңе сен 7423 0 пікір 31 Шілде, 2014 сағат 15:27

АРТАЕВ АЙСҰЛУДЫ “ҰРМАПТЫ”

Бақтияр Артаевқа қатысты даулы іс жабылды. Massaget.kz-тің жазуынша бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова мәлімдеген. Хабарламаға сай толық ақпарат алдағы уақытта жарияланбақ.

Естеріңізде болса биылғы жылы, 28 маусымда Астана қаласындағы "Fashion" клубында Бақтияр Артаев 28 жастағы Айсұлу Ибрашеваны ұрғаны туралы ақпарат тараған болатын. “Жәбірленуші” Айсұлу күрзі жұдырықты Бақтиярдың өзіне “бір түрлі” қарап, ырқына көне қоймайтынын білдіргенде өзін ұрып жібергені туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Самұрық Energy-дің заңгері болып жұмыс істейтін Айсұлу небір жуан жұдырық иелерін қаусатқан Бақтияр Артаевтың “соққысынан” түк бола қоймаған. Әйтсе де Астана қаласының тәртіптік органдары Артаев үстінен бұзақылық бойынша іс қозғаған болатын. Артаев өз сөзінде Айсұлудың мас болғанын, өзінің ешқандай да қол жұмсамағанын айтқан еді. Былайғы жұрт Бақтиярды ондай іске бара қоймайды деп болысып жатты. Енді міне іс жабылды. Тимеген соққының дауы бір айға созылды. Жемеген соққысының дауынан ештеңе шығара алмаған Айсұлуға обал-ақ.

 

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір