Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 7230 0 пікір 22 Тамыз, 2014 сағат 12:22

Еуроодақ КО саммитіне қатысады

Еуроодақ Минскіде тамыздың 26-сында өтетін Кеден одағының саммитіне қатысатын болды. Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Еурокомиссияның ресми өкілі Шанталь Хьюз жария еткен:  «Еуроодақ Минскіде өтетін Кеден одағы саммитіне қатысатынын ресми мәлімдейді. Біз онда негізгі үш тақырыпты талдауға ниеттіміз. Бұлар - Еуроодақ пен Украина арасындағы еркін сауда-саттықты жүзеге асыру, қыркүйек айында Украина, Ресей және Еуроодақ арасындағы газ мәселесіне қатысты үш жақты келіссөздерге қайта оралу мүмкіндігін қарастыру және Украинадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері.»

Минскідегі саммит Еуразиялық үштік мемлекеттері - Қазақстан, Ресей және Беларусь, сондай-ақ Еуроодақ пен Украинаның қатысуымен өтеді. Baq.kz-тің жазуынша Еуроодақ атынан басқосуға Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон, сауда жөніндегі еурокомиссар Карел Де Гюхт пен энергетика жөніндегі еурокомиссар Гюнтер Эттингер қатысатын болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613