Жұма, 19 Сәуір 2024
Саясат 9577 0 пікір 25 Тамыз, 2014 сағат 10:12

АБХАЗИЯ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ТАНУДЫ СҰРАЙДЫ

 

 

Абхазия Президентінің міндетін атқарушы, Парламент спикері Валерий Бганба ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, Қазақстан Парламенті Абхазия Республикасының тәуелсіздігін танып, қолдауын өтінуде.

«Қазақстан Республикасы Парламентіне пәрмен етіп,  Қазақстан Республикасының Абхазия Республикасының тәуелсіздігін танып қолдауы жөнінде өтініш жасауымызға Абхазия парламенті мен көпұлтты мемлекетіміздің атынан ұрықсат етіңіз» депті өз хатында Бганба. Валерий Бганба  ҚР Президентінің атына жазған хатында «Заманауи Абхазия Республикасы конституциясына сәйкес – тәуелсіздігіне қол жеткізгелі тұрған және соны заңды түрде бекітіп алуға бел байлаған егемен ел» деп шегелей түсіпті. Хат Абхазия Республикасы парламентінің сайтында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, Абхазияның тәуелсіздігін 2008 жылы 26 тамызда РФ бірінші болып таныды. Содан кейін Никарагуа Респуликасы (2009 жылы, 5 қыркүйекте), Венесуэла (2009 жылы, 10 қыркүйекте.), Науру Республикасы (2009 жылы, 15 желтоқсанда) мойындаған еді. Осы жайттарды ойға сала отырып, Абхазия Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Валерий Бганба әлгі хатында 1993 жылдан бермен қарай Грузия билігінің заңдылығын мойындамай келе жатқандарын, керек десеңіз, Кодорск шатқалынан гүржі әскерін қуып шыққандарын айтады. Абхазия қазіргі жағдайында жартылай егемен ел атанғанымен, де-факто Грузияның құрамында болып табылады. Алайда, Абхазия да тәуелсіздігін Ресей таныған Оңтүстік Осетия сияқты Грузиядан бөлінгісі келеді. Сөйтіп ол ҚР басшысына қолқа салып отыр. Бганбаның хатына ресми Астана не деп жауап береді, оны алдағы күндері білетін боламыз.

Abai.kz

0 пікір