Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 6182 0 пікір 26 Тамыз, 2014 сағат 16:06

ҚАЗАҚ ІШІНЕ КІМ КЕЛЕДІ?

«Қазақ ішіне кім келеді? Онан қашқан, мұннан қашқан, жамандықпен көзін ашқан келеді. Және соның бәрі де қазақты жер-көкке сыйғызбай мақтай келеді: дін де сенде, әулиелік те сенде, адамгершілік те сенде деп». 1912-жылы Мәшһүр Жүсіп атамыз осылай деп еді... 
Айтып-айтпай не керек, кезінде Мәшһүр атамыз айтқан жат пиғылдылардан дер кезінде қорғана алмадық. Нәтиже мынау: 1990-шы жылдары елімізде 670 діни бірлестік болса, 2008-де 4,5 мыңға жуықтады. Қазір жаңа «Дін туралы» Заң қабылданғалы, 17 конфессияны құрайтын 3888 ұйым қайта тіркеліп, діни бірлестіктер саны 32 пайызға қысқарды. Қазір арамызда кім жоқ - кришнаид, иегово куәгерлері, сатаналықтар әйтеуір толып жатыр. Негізі бұл мәселе, осыдан 4 -5 жыл бұрын қолға алынып, сектанттар қуыла бастап еді. 2010-шы жылы ОБСЕ-ге төрағалығымыз бәрін құртып кетті. Толлерантты елде - діни шектеу деген болмауы керек екен. Соған сәйкес, ойбайлап жүріп, сектанттарға қайта есік аштық. Онан қашқан, мұннан қашқандар тамырын жая түсті. Ол төрағалық өтті кетті... Біреулер ішті-жеді... Құр қағаз жүзінде қалған "Астана декларациясы" бүкіл әлемде тыныштық орната қоймады. ОБСЕ-нің мәртебесі кемімесе, өсе қойған жоқ... Сонда ұтылған кім, ұтқан кім? Енді отырысымыз мынау - елге қауіпті жат дінділермен алысып...

Дина Төлекованың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

0 пікір