Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5364 0 пікір 26 Тамыз, 2014 сағат 19:19

"Мой Мир" қазақшаланды

"Мой мир" әлеуметтік желісінің интерфесі қазақшаға аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар қазірдің өзінде "Мой мир" әлеуметтік желісіндегі көмекші құралдарды, "Проекты" графасы мен футер төменгі белгісін ыңғайлап қойды. Онда барлығы 3,5 мыңға жуық сөз аударылған. Әлеуметтік желідегі қазақша нұсқа "Менің әлемім" деп аталады.

Айта кетейік, "Мой мир" Қазақстандағы 2010 жылдар көлемінде кең таралған әлеуметтік желі болып есептеледі, интерфейсінде қазақ тілі болмауы себепті соңғы жылдары көптеген қазақстандықтар одан бас тартқан. Жастар «Вконтакте» әлеуметтік желісін пайдалануға көшсе, зиялы қауым «Facebook» әлеуметтік желісін көптеп пайдаланып жатыр. Алайда жаңалықтарды беруші сайт «Менің әлемім» желісіне ай сайын жалпы саны үш миллионнан астам қолданушы кіретіндігін жазды. Одан бөлек, қазақстандықтар Ресей, Украина және Беларусь тұрғандарына қарағанда әлеуметтік желіге кіруде белсенділік танытуда екен. Қазақстаннан қосылған пайдаланушылардың 25 пайызы "Мой Мирге" жүйелі түрде кіріп тұратын болса, ал әлеуметтік желіге тіркелгендердің 29 пайызы фотоларын жиі жаңартып тұратындардан көрінеді.

Mail.ru интернет-сервисінің пошта қызметі де өзінің интерфейсін ТМД мемлекеттерінің тіліне аударуды жоспарлап отыр. Бұл бастама тек "Мой Мирда" ғана емес сонымен қоса, "Одноклассники" секілді жобаларға да қатысты көрінеді.

Абай-ақпарат

0 пікір