Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7931 0 пікір 29 Тамыз, 2014 сағат 11:17

ӨРКЕНДЕУ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ – АТА ЗАҢ

Бүгін  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен Конституция күніне орай «Өркендеу мен тұрақтылықтың кепілі – Ата Заң» форумы өтті. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Конституцияның бізге берген ең басты құндылығы – таңдау құқығы, басқаша айтқанда, өз өміріңнің қожасы болуы кез келген қазынадан бағалы» деп, мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындаған болатын.

Биыл саяси тұрақтылық пен ішкі тыныштықты сақтап, барша қазақстандықтарды берекелі бірлік пен пайымды парасаттылыққа ұйыстыруды мақсат тұтқан Конституциямыздың қабылданғанына 19 жыл. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен форумда облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов баяндама жасады. Шараға зиялы қауым, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары мен этно-мәдени орталықтарының өкілдері, жастар қатысты.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ дінтану зерттеулер орталығының жетекшісі, т.ғ.к. Ғаппар Маймақов, облыс прокурорының м.а. Қайрат Әдіханов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық славян этно-мәдени орталығының төрағасы Юрий Кирюхин, облыстық өзбек этно-мәдени орталығы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Рихсибай Мамедовр сөз сәйледі.

Форум барысында Конституция күніне арналған бейнефильм көрсетіліп, мерекелік патриоттық әндер шырқалды.

 

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

0 пікір