Жұма, 29 Наурыз 2024
Саясат 8757 0 пікір 5 Қыркүйек, 2014 сағат 15:46

СЫН-ҚАТЕРЛЕРДІ ЕСКЕРУІМІЗ КЕРЕК!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасына, халықтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне теріс әсері болуы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін, барлық мүмкіндіктерді ойластырудың маңыздылығын мәлімдеді. «Жаңа сессия едәуір күрделі жағдайларда басталып отыр. Әлемдік экономикада болжап болмайтын кезең туды. Геосаяси жағдайлар, соның ішінде Украинадағы оқиғаларға орай халықаралық қатынастардың күрделенуімен байланысты тәуекелдер тереңдей түсті. Жалпы алғанда, әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызын өндіретін мемлекеттердің бір-біріне өзара санкция қолдануы қалыптасқан экономикалық қатынастар мен әлемдік тәртіпке айтарлықтай түзетулер мен өзгерістер енгізеді. Өз кезегінде бұл біздің әріптестеріміздің экономикалық өсімінің төмендеуіне алып келеді, және мұның бізге де теріс ықпалы болады»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің бесінші шақырылымының 4-ші сессиясын ашып, сөйлеген сөзінде.

Елбасы бүгінгі таңда ашылып отырған «мүмкіндіктер терезесін» ұтымды пайдалану үшін Үкімет пен Парламенттің үйлесімді жұмыс істеуі керектігін атап айтты. Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуымен байланысты басты міндеттердің бірі – әкімшілік реформаны жалғастырып, кәсіби және шағын мемлекеттк аппараты бар мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру. «Атап айтарлығы, Үкіметтің жаңа құрылымы жөніндегі шешімнің жүзеге асырылғаны мәлім. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу туралы жарлыққа қол қойылып, ол жүзеге асырылуда. Бұл мемлекеттік аппараттың жұмысындағы көпсатылық пен қосарлануды қысқартуға мүмкіндік береді»,- деді мемлекет басшысы.

Ол аталған үдерістің негізінде мынадай нақты қадамдар жасалуы қажеттігін айтты. Біріншіден, бүгінгідей экономикалық жағдайда Үкімет әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша стратегиялық мәселелерге назар аударуы тиіс. Соның ішінде, министрліктерге заңға тәуелді актілерді – әртүрлі ережелерді, нұсқауларды және т.б. қабылдауға құзірет беру қажет. Әрбір министр өзінің басқаратын саласына керекті өкілеттіктерге ие болып, қабылдаған шешімдері бойынша толық жауапкершілікті мойнына алуы тиіс. Мұндай талапты заңнамалық тұрғыдан реттеу керек.

Екіншіден, министрліктердің комитеттеріне бақылау және іс-шараларды жүзеге асыру қызметтерімен қатар, тиісті салаларда мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ететін шешімдер қабылдауға өкілеттіктер беріледі. Әр саланы тиімді реттеуді қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған бақылау бойынша комитеттердің бұрынғы функциялары аумақтық органдарда сақталуы тиіс. Мысалы, энергетика жүйесін бақылау орталықтандырылған негізде жасалуы қажет. Үшіншіден, әкімдіктерге өңірлер деңгейінде тиімді атқарылатын қызметтерді беру қажет. Ең алдымен, бұл жергілікті маңыздағы функциялар. Халықаралық тәжірибе осыны дәлелдеп отыр. Мұндай жағдайда бір функция бір ғана мемлекеттік органға бекітілуі тиіс. Бірін-бірі қайталау деген болмау керек. Орталық мемлекеттік органдар заңнамалық нормалардың бақылау және қадағалау сапасы төмендемеуін назардан шығармағаны жөн. Ауыл шаруашылығы бойынша жергілікті билік органдарының өкілеттік ауқымын кеңейтуіміз керек. Осыған орай, Елбасы жылумен қамтамасыз ететін нысандардың жұмысы және жылу маусымына дайындық мәселелері толығымен жергілікті әкімнің құзырында болуы тиістігін қадап айтты. Төртіншіден, өкілеттіктерді шектеуде мемлекеттік функцияларды мемлекеттік емес секторға беру жұмыстарын жалғастырған абзал. Мұндай қызметтерді көп елдерде өзін-өзі реттейтін ұйымдар жүзеге асырады. Ол үшін сондай тәуелсіз ұйымдар желісін құруға кірісуіміз керек.

Әмірлан Әлімжан.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620