Жексенбі, 22 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 1600 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 07:25

Қырғызстандағы оқиғалар авторитарлық мемлекеттерге әсер етуі мүмкін – БАҚ

Бішкек. 29 сәуір. ҚазТАГ - Қырғызстандағы төңкеріс басқа мемлекеттерге әсер етуі мүмкін, деп жазады Financial Times елдің уақытша үкіметінің басшысы Роза Отунбаеваға сілтеме жасап.

«Отунбаева Қырғызстандағы көтеріліс авторитарлық мемлекеттерге тұрақсыздандырушы әсер етуі мүмкін деп есептейді», - делінген мақалада.

«Төңкерістер жұқпалы. Біз айналамыз тыныш емес уақытта өмір сүріп жатырмыз», - деді Р.Отунбаева газетке сұхбат беру барысында.

Ол бұл оқиғалардың салдарын басында-ақ болжауға келмейтінін айтқан. «Төңкеріс - елдегі жанартаудың атылуы сияқты», - деді ол.

Басылым сұрау салған ресейлік сарапшылар уақытша үкімет жағдайды қолда ұстап тұра алмаса, Қырғызстан бүкіл аймақ үшін тұрақсыздық ошағына айналуы мүмкін деген пікір білдірген.

ТМД елдері институтының жетекшісі Андрей Грозиннің пікірінше, «уақытша үкімет құласа, немесе жарты жылдың ішінде сайлау өткізе алмаса, Қырғызстанға анархия атану қаупі төніп тұр». «Перспектива қараңғы. Қырғызстан үшінші төңкеріске немесе биліктің тағы бір ауысуына шыдай алмайды. Ол Сомалиге айналады», - дейді ол.

Өз кезегінде басылым Қырғызстанның авторитарлық көршілері ретінде Қазақстан мен Өзбекстанды атап отыр.

0 пікір