Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3425 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 07:22

ОҚО-да биылғы жылы екінші рет үшем дүниеге келді

Шымкент. 29 сәуір. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының перинатальды орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ОҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Сәбилердің үшеуі де - қыз. Үлкенінің салмағы 2075 грамм, екіншісі - 1583 грамм және кішісі - 1590 грамм.

«Үшемнің анасы - Қазығұрт ауданының 45 жастағы тұрғыны Құттықыз Түлепова мен сәбилер өздерін жақсы сезінуде. Бұл әйел бесінші рет ана атанып отыр, үйінде төрт баласы бар», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Бұл биыл туып отырған екінші үшем. Бірінші үшем халықаралық әйелдер күні қарсаңында дүниеге келді. 2009 жылы ОҚО-да бірінші тоқсанда 6 үшем туған.  Ал биылғы жылдың үш айында аймақ халқы 1813 балаға көбейді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96 балаға көп. Сондай-ақ, биыл туғандардың қатарында 30 егіз бар.

Әйелдер мен балалар облыс халқының үштен екі бөлігін құрайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3613