Сәрсенбі, 23 Қазан 2019
Жаңалықтар 1428 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 07:21

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қырғызстандағы оқиғалардан посткеңестік мемлекеттер қандай сабақ алу керектігі туралы ҚазТАГ-қа берген сұхбатында саясаттанушы Ерлан Карин айтып берді.

- Көптеген саясаттанушылар Қырғызстандағы қайғылы оқиғаның себептерінің бірі - тамыр-таныстық, ағайыншылдық болды деп есептейді. Посткеңестік мемлекеттер, атап айтсақ, Қазақстан бұдан ұзап кете алды ма және бұл жағдайдан біз қандай сабақ алуымыз керек?

- Сөзсіз, қырғыздардағы жағдайдың белгілі бір көріністері, атап айтсақ, кланға бөлінуі, қандай да дәрежеде осы өңірдегі басқа елдерге де тән. Бірақ олар Қырғызстандағы орын алған оқиғалардың негізгі және жалғыз себептері ол емес. Кедейшілік, трайболизм, жаппай жемқорлық, қырғыз элитасының ішіндегі билік үшін үнемі жүріп жатқан күрес сияқты, осы және басқа да факторлардың жиынтығы негізгі саяси институттардың біртіндеп әлсіреп, күйреуіне септігін тигізді. Қазіргі де және өткен төңкерістің себептері де дәл осы болды.

- Көптеген саясаттанушылар Қырғызстандағы қайғылы оқиғаның себептерінің бірі - тамыр-таныстық, ағайыншылдық болды деп есептейді. Посткеңестік мемлекеттер, атап айтсақ, Қазақстан бұдан ұзап кете алды ма және бұл жағдайдан біз қандай сабақ алуымыз керек?

- Сөзсіз, қырғыздардағы жағдайдың белгілі бір көріністері, атап айтсақ, кланға бөлінуі, қандай да дәрежеде осы өңірдегі басқа елдерге де тән. Бірақ олар Қырғызстандағы орын алған оқиғалардың негізгі және жалғыз себептері ол емес. Кедейшілік, трайболизм, жаппай жемқорлық, қырғыз элитасының ішіндегі билік үшін үнемі жүріп жатқан күрес сияқты, осы және басқа да факторлардың жиынтығы негізгі саяси институттардың біртіндеп әлсіреп, күйреуіне септігін тигізді. Қазіргі де және өткен төңкерістің себептері де дәл осы болды.

Қазір әңгіме саяси дағдарыс туралы болып отырған жоқ, қырғыз мемлекеттілігінің жүйелі дағдарысында болып отыр. Осы тұрғыдан қарғыз оқиғалары посткеңестік элиталар үшін үлкен сабақ болды. Ол оқиғаларға байыппен қарсақ, ол - жергілікті элиталардың қателігі, олардың қалыптасып отырған ахуалды түсінбеуі немесе әрекетсіздігі, жай ғана саяси дағдарысқа, билікті немесе меншікті жоғалтуға әкеліп соқпайды, сонымен қатар мемлекеттілікті де жартылай не толығымен жоғалтуға әкеп соғатыны тұрғысынан үлкен сабақ болды. Яғни саясаткерлердің қателігінің құны - біз бұдан 20 жыл бұрын ең асқақ құндылық деп жариялап, соған осы жылдардың бәрінде ұмтылған - ел тәуелсіздігі болуы мүмкін.

Өкінішке қарай, посткеңестік элита мұны толығымен түсіне бермейді. Бұл осы оқиғаларға қатысты кімнің және қандай қорытынды жасағысы келіп отырғанынан көрінеді. Біреулері қоғамды революцияның салдарымен қорқытып, табалап отыр. Басқалары керісінше, қырғыздардың кезекті төңкерісіне байланысты қуанып, жаңа билік ескісінен жақсы болады деп сендіргісі келеді.

Қырғыздардың оқиғалары, біріншіден, барлық революция да демократиялық болмайтынын көрсетті. Олар демократиялық ұрандармен басталып, бірақ нәтижесінде билікті озбырлықпен кезекті басып алумен тынады. Қырғызстанда осы тәртіпсіздіктердің, қиратулардың, кадрлық сілкіністердің нәтижесінде бүгінгі қоғамда «қатаң да күшті билікке» деген қажеттілік бұрынғыдан да зор деп ойлаймын. Екіншіден, революциялар әр кезде де нақты өзгерістер әкеле бермейді. Бес жыл бұрын, Ақаевтар кланын Бакиевтің кланы ығыстырғанда, билік жүйесі сондай болып қала берді. Үшіншіден, революциялар қолдағы бар проблемалардың шешілуіне септігін тигізбейді, керісінше оларды өршітеді. Қырғызстандағы қазіргі оқиғалар - билік ауысуының бәрі бірдей оң болмайтындығының, және одан проблемалар бірден шешіле қалмайтындығының жарқын көрінісі.

Қырғыз оқиғаларынан біз жасайтын тағы бір қорытынды - біз бәріне де бірдей саяси талап қоя білуіміз керек. Тек билікке емес, сонымен қатар оппозицияға да. Кейде оппозиция, билік халықтан «қол үзіп» кетті деп сынайды. Тура сол оппозицияның өзіне қатысты да сондай деп ойлауға болады. Бұл тұста биліктің қоғам мен оппозициядан, қарапайым халықтан «қол үзіп» кетуі, дәл сол Қырғызстандағы сияқты оқиғалардың қауіпті белгілері болып табылады.

- Сіз Қырғызстанда «қатаң да күшті билікке» деген мұқтаждықты атап өттіңіз. Сіздің пікіріңізше, «Нұр Отан» сияқты саяси күштің болуы көрші елдегі оқиғаларды болдырмас еді деп ойлайсыз ба?

- Қырғызстанда оқиғалардың стихиялы түрде дамып келе жатқанда, 2005 жылы да, қазіргі 2010 жылы да саяси диалогқа қатыса алатын беделді, ықпалды, саяси және қоғамдық ұйым болған жоқ. 2005 жылы 5 млн халқы бар елде 43 саяси партия болды. Былтыр олардың саны 89-ға жетті, ал қазір - 104 не 107 болады. Әрине, саяси партиялардың көптігі Қырғызстанда партиялық жүйенің дамығандығын көрсетпейді. Егер ол партиялар күшті болса ғой... Олардың көбі шын мәнінде формальды түрде ғана болды. Іс жүзінде бір де саяси күш сол кезде де, қазір де жалпы жағдайдың дамуына ықпал ее алмады. 

- Сіз Қырғызстанның уақытша үкіметінің саяси құрылымның паламенттік басқару түріне өту туралы бастамасына қалай қарайсыз?

- Маған, саяси партиялардың рөлінің нашарлығы жағдайында және жалпы тұрақсыздық, тоқтамай отырған тәртіпсіздік ахуалында, ішкі саяси шиеленістің одан ары өршіп отырған жағдайында парламенттік басқару түріне өту оңтайлы шешім сияқты болып тұрған жоқ.

Қарапайым азаматтар да қазіргі бейберекетсіздіктен шаршады. Соңғы жылдардың оқиғалары халықтың билік органдарына, президентке, үкіметке деген сенімін сейілтіп қана қоймай, жалпы қырғыз саясатының сипаты мен мазмұнына деген сеніміне елеулі сызат түсірді. Бұл сенімсіздіктің одан ары өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Парламенттік модельге парламентте өздерінің сайлаушыларының мүдделерін қорғай алатын жалпыұлттық саяси күштің, ықпалды және беделді саяси ұйымдардың бар кезінде өтуге болады.

Бес жыл бойына Украинада не болды? Жоғарғы Радада әр түрлі саяси күш болғанымен, олардың біреуі де сайлаушылардың басым қолдауына ие бола алмады. Сондықтан партиялар арасында қалт-құлт одақтар құрылғанымен, олар тез арада ыдырауы себепті әр кез парламенттің, үкіметтің таралу қаупі туындап отырды. Қырғызстанда да осындай жағдай туындауы мүмкін.

-  Сіз Қырғызстан мысалы саяси бәсеке жоқ жағдайында билік партиясының болуын ақтайды деп есептеймісіз?

- Шын мәнінде әңгіме бұл жайында емес. Қырғызстандағы және Қазақстандағы жағдайлар әр түрлі. Қырғызстандағы оқиғалар елдеріміздегі жағдайлардың ұқсастығын ғана емес, сонымен қатар, қалыптасқан билік жүйелерінің ерекшеліктерін де көрсетеді. Қазақстанға келсек, азаматтарды біріктіруші негізгі фактор жалпыұлттық лидер факторы болып отыр, ол ел дамуының стратегиялық басымдықтарын анықтап, ұлттың күш-жігерін  жұмылдырып, шоғырландырып, таңдалған бағытты жүзеге асырудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Билік партиясының абсолютті түрде басымдық көрсетуі азаматтардың ұлттық лидерге деген сенімінің деңгейін көрсетеді.

- Аймақтағы мемлекеттерге Қырғызстан жақтан қандай қауіптер бар?  

- Қырғызстан ішкі тұрақсыздықтың күрделі және ұзаққа созылатын кезеңіне аяқ басқалы тұр. Жаңа биліктің қазіргі негізгі міндеті - тәртіпті қалыпқа келтіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бес жыл бұрын болған алғашқы төңкерістен кейін елде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 20%-ға көбейді, қылмыстық топтардың қызметі жандана түсті. Осындай процестер қазір де байқалуы мүмкін. Өкінішке орай, Қырғызстан демократия аралынан ақырындап аймақтағы ылғи тұрақсыздық ошағына айналып барады.

Мұндай жағдайда елдегі күш құрылымдары экстремистік және лаңкестік құрылымдар тарапынан төнетін қауіптерге қарсы тұрып, есірткі трафигімен, адам саудасымен және т.б. күресе отырып, өздеріне тән емес қызметтерді орындауға бой ұрмай жүре ала ма? Ішкі саяси жағдайдың күрделенуі, элитаның билік үшін күресі, наразылық акциялары күш құрылымдарына кедергі жасайды, осылайша тікелей қызметтерін атқаруға жол бермейді де, ұлттық қауіпсіздікке төнетін нақты қауіптерге деген назарын әлсірете түседі. Сондықтан Қырғызстандағы оқиғалар аймақтық қауіпсіздік жүйесіне қатты нұқсан келтіреді.

- Аймақтық тұрақтылықты сақтап қалу үшін Қырғызстан аумағына ҰҚШҰ жедел әрекет етуші ұжымдық күштері енгізілуі мүмкін бе?

- Әрине, жоқ. Өйткені бұл ҰҚШҰ регламентінде жазылмаған. Мұндай күштерді қолдану қандай да бір сыртқы қауіптерге қарсы тұру кезінде мүмкін. Қандай да бір ел бір шара ұсынса, бұл бастаманы ҰҚШҰ-ға мүше басқа мемлекеттер қолдап шығуы екіталай. Өйткені бұл ішкі саяси қақтығыстарды реттеуде ұжымдық қарулы күштерді пайдаланудың қауіпті прецендентін жасайды. Кез-келген бітімгершілік күштерді ел аумағына енгізу Қырғызстан үшін қалай негізделіп, ақталса да, мемлекеттіліктен айырылу дегенді білдіреді.

- Қырғызстандағы оқиғалар көрші мемлекеттерге «жаман үлгі» болмай ма?

- Қырғызстандағы жағдай аймақтағы басқа елдердегі жағдайға ұқсас болғанымен, саяси және әлеуметтік-экономикалық процестердің мазмұны мүлдем басқа. Алайда Бәкиевтің де режимі Ақаевтың режимі сияқты біреудің алдын ала жоспарлап, ұйымдастырған акцияларының нәтижесінде емес, ұйымдаспаған көтеріліс салдарынан құлады. Сондықтан көрші елдерді осы жағдай ойландыруы тиіс: белгілі бір саяси режим халықтың ұйымдаспаған көтерілісіне қалайша төтеп бере алмады? Мұндай жүйе ұйымдастырылған, жоспарланған акцияларға, үлкен қауіп-қатерлерге, мысалы, лаңкестік актілерге, сыртқы агрессияға, созылмалы экономикалық дағдарысқа төтеп бере алатын ба еді?

Демек, Қырғызстандағы оқиғалардан кейін туындайтын жалғыз сұрақ: аймақтағы елдер 20 жылдағы тәуелсіз дамуы кезінде қаншалықты тұрақты және пәрменді билік жүйесін құра алды? Ондайға бәрі бірдей қол жеткізбегені анық.

 

0 пікір