Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3123 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 07:20

Қаржы полициясы КРО лауазымды тұлғаларына қатысты Т187 млрд қаржыны жымқыру фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігі Karachaganak Petroleum Operating B. V. (КРО) лауазымды тұлғаларына қатысты Т187 млрд қаржыны жымқыру фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Сәуір айында КРО басшылығына қатысты  2002-2007 жылдары шығындарын және мұнай өндіру көлемін 187 млрд теңге көлемінде асыра көрсетіп, осы соманың мұнайын өз сатып алушыларына сату жолымен қаржы жымқыру фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті ол бейсенбі күні журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.

Агенттік өкілінің айтуынша, бұл оқиғаны KPMG және Ernst&Yоung халықаралық аудиторлық компаниялары анықтап, сарапшылар өз қорытындысымен қуаттады.

Бұрын хабарланғандай, сәуір айының басында қаржы полициясы «1,1 миллион тонна мұнай және 94 мың тонна конденсатты шамадан артық өндіргeні үшін» қылмыстық іс қозғаған. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген шығын Т104 млрд құрады».

Ал 2009 жылдың соңында премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстан үкіметі Karachaganak Petroleum Operating B.V (KPO) косорциумының мүшелерімен аталған жобаға кіру бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген болатын.

КРО Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан әлемдегі ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі - Қарашығанақ кен орнын игерумен айналысады. Кен орнының аумағы 280 шаршы шақырымды алып жатыр, оның қоры 1,2 млрд тонна мұнай және конденсат, 1,35 трлн текше метр газды құрайды. 1997 жылы қол қойылып, 40 жылға есептелген ӨБК-ге сәйкес, консорциум мүшелерінің үлестері келесідей: British Gaz Group (BG) және Eni - 32,5%-дан, Chevron - 20% мен «Лукойл» - 15%.

0 пікір