Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4722 0 пікір 26 Наурыз, 2014 сағат 13:59

Елімізде инфрақұрылымдық жобалар қоры құрылмақ

«Бәйтерек» холдингінің жарғылық капиталы бюджеттік қаржы есебінен 20 млрд 330 млн 779 теңгеге ұлғайтылды. Бұл қаржының негізгі бөлігі холдингтің еншілес мекемесі - «Қазына капитал менеджмент» АҚ-ның қаржылық капиталын ұлғайтып, Инфрақұрылымдық жобалар қорын құруға жұмсалады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2014 жылдың 6 ақпанында өткен алқа жиынында инфрақұрылымдық жобалар қорын құруды жеделдету туралы тапсырма берген болатын. Қордың мақсаты – инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту және бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру. Қалған 330 млн 779 мың теңге «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ына аспап жасау жөніндегі конструкторлық бюро құруға бөлінеді. Бұл туралы Холдингтің Директорлар кеңесінің алғашқы отырысында жарияланды. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзага асыруға жеке инвестиция тарту мақсатында

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» бірлесіп, «Мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларын сүйемелдеу» ЖШС құрып, оның жарғылық капиталына үлеске кірмек. Мемлекеттік –жеке әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығының негізгі жұмысы инфрақұрылымдық, соның ішінде мемлекеттік -жеке әріптестік негізінде жүзеге асырылатын жобаларды құрылымдау және сүймелдеуге бағытталады. Орталықтың алдын-ала келісімнен өткен жобаларының ішінде Алматы станциясын айналып өтетін теміржол мен Алматы және Қарағанды қалаларында 300 төсек орындық көпсалалы ауруханалар құрылысы бар. Мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларды сүйемелдеу орталығының жарғылық капиталы 200 млн теңге көлемінде белгіленген. Оның 150 млн теңгесі немесе 75 пайызы «Бәйтерек» холдингінің үлесіне беріледі, «Қазақстандық мемлекеттік –жеке әріптестік орталығы» АҚ-ның үлесі 50 млн теңге немесе 25 пайызды құрайды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің онжылдық даму стратегиясы қабылданды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Директорлар кеңесі Холдингтің 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. Құжатта Холдингті интеграцияланған даму институты ретінде қалыптастыруға байланысты міндеттер мен таяу онжылдықтағы стратегиялық бағыттар айқындалған.

Бірінші кезектегі стратегиялық міндеттер:

* Қаржылық және өндірістік жұмыстардың шығынсыз жүргізілуін қамтамасыз ету;

* Қаржы ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру;

* Холдинг жұмысының жариялылығын қамтамасыз етіп, халықтың сенімін арттыру;

Холдингтің 2014-2023 жылдардағы негізгі стратегиялық бағыттары:

-Экономиканың басым бағыттарына қаржылық қолдау көрсету арқылы ҚР экономикасының тұрақты дамуына ықпал ету;

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету;

-қазақстандық компаниялардың экспортқа шығуына ықпал ету;

- мемлекеттің әлеуметтік саладағы міндеттерін жүзеге асыруға ықпал ету.

Стратегияда қаржы институттарын Холдинг аясында интеграциялау көрсеткіштері, инвестиция тартудың тиімді тәсілдері, инвестициялық саясаттың басымдықтары, ел экономикасын несиелендірудің механизмдері айқындалған.

Директорлар кеңесінің отырысында холдинг құрамындағы еншілес мекемелер активтерінің құрылымын оңтайландыру мәселесі талқыланды. Сараптама бойынша, холдинг құрылымында профильді емес активтер жоқ. Дегенмен, бірқатар еншілес компаниялар инвестициялық қорларға немесе инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысып келген. Осыған орай, жыл соңына дейін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры 5 микрокредиттік ұйымнан шығады. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ технопарктер жұмысын оңтайландыру мақсатында Алматы аймақтық технопаркі мен Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің технопаркін біріктіру бағытында жұмыс жасап жатыр.

Абай-ақпарат

0 пікір