Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 6899 0 пікір 26 Наурыз, 2014 сағат 14:32

Қазақстан және АҚШ Президенттерінің бірлескен мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары Президенттерінің Ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі жарияланды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары Президенттерінің Ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі

Қазақстан мен АҚШ Ядролық қаруды таратпауды және ядролық қауіпсіздікті нығайтуды жақтайтын бірлескен ұстанымдарын қуаттайды.

Қазақстан мен АҚШ қауіп-қатерді бірлесе бәсеңдету жөніндегі бағдарламаның табысты іске асырылуын қанағаттанушылықпен атап өтеді және бұрынғы Семей сынақ полигонындағы нақты қауіпсіздікті нығайтуды жалғастырады.

АҚШ ядролық және радиоактивтік материалдардың заңсыз айналымының алдын алу үшін Қазақстан Республикасымен бірлескен күш-жігерді арттырудағы серіктестікті жалғастыра береді.

АҚШ Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтудағы және Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Вашингтон және Сеул саммиттерінің шешімдерін іске асырудағы, соның ішінде ВВР-К (су-қайнамалы су реакторы) зерттеу реакторын аз байытылған отынға ауыстыру, жоғары байытылған ядролық материалды сұйылту және Ядролық физика институты реакторының пайдаланылған жоғары байытылған отынын әкету қызметін қолдайды. Құрама Штаттар мен Қазақстан жоғары байытылған отынмен жұмыс жасайтын реакторларды аз байытылған отынға қайта жабдықтаудағы, сондай-ақ Қазақстанда зерттеу реакторларынан қалған жоғары байытылған уран қорларын техникалық тұрғыдан мүмкіндігінше жоюдағы өзара іс-қимылды жалғастырады.

АҚШ Қазақстанның өз аумағында МАГАТЭ-нің аз байытылған уран банкін орналастыру және Ядролық қауіпсіздік жөніндегі өңірлік оқыту орталығын құру, оның төтенше жағдайларға төтеп беру, сондай-ақ олардың салдарын еңсерудегі мүмкіндіктерін нығайтудағы күш-жігеріне қолдау білдерді.

Қазақстан мен АҚШ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттердің өткізілуін маңызды деп санайды.

Abai.kz

0 пікір