Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5677 0 пікір 26 Наурыз, 2014 сағат 15:12

Тани ма екен мына жұрт – Таңжарықты

2014 жылдың 28 наурызында Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің мерейлі 70 жылдық мерекесіне орай, Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында «Тани ма екен мына жұрт – Таңжарықты» деген атпен тұңғыш рет Таңжарық оқулары және студенттер арасында айтыс өткізіледі.

Атаулы іс-шара екі бөлімнен тұрады:

1-бөлімде: Жеке және командалық (3 адам) өнер байқауы. Ақынның өлеңдерін (кемінде 3-5) мәнерлеп, жатқа оқудан жарыс және ақын шығармашылығы негізінде шағын театрландырылған қойылым.

2-бөлімде:  Сұрақтарға жауап береді. Ақын өмірі мен шығармашылығын, айтыскерлік таланты мен қайраткерлік тұлғасын дәріптеп, қыздар университеттінің 70 жылдық жетістігін тілге тиек еткен айтыс өткізіледі. 

 Қатысушылар қаржылай марапатталады.

Өтетін уақыты:

         2014-жылдың 27 наурыз сағат 10:00 де іріктеу басталады. Байқауға қатысуға ниетті үміткерлер 25-наурызға дейін төменде көрсетілген мекен-жайға өзі туралы қысқаша мәліметтер көрсетіп тіркелуі қажет.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114. 1- ғимарат, 218 кабинет,

Қазақ әдебиеті кафедрасы.

Байланыс телефондары:  233-19-31, 8-701-148-20-10.

Электронды мекен-жай: d.tursyn@bk.ru

Абай-ақпарат

0 пікір