Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3786 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 03:54

Қанат Тілеухан. Жеңіс құны

«Өз сөзім өзімдікі»

АБАЙ

Біздің де ауылда тоғызыншы мамыр жақындаған сайын мектепте ардагерлермен кездесулер өтетін. Алақандай ауылдың барлық майдангер ақсақалдарын танимыз. Жылдағы дәстүр бойынша, кездесуді тарих пәнінің мұғалімі ұйымдастырады.  Әдеттегіндей сөз кезегін ең бірінші болып Төкен ақсақал алады. Мәскеу түбінен Берлинге дейін жаяу жеткен қарт жауынгер фашистермен қалай соғысқаны жайлы ұзақ әңгімелейтін. Сосын сұрапыл жылдары колхозға басшылық еткен Гүлшабақ апа тылдағылардың жанкешті еңбегі жайлы сыр шертетін. Ал біз кеш соңында қадірлі ата-әжелерімізге гүл сыйлап, ән саламыз. Өлең оқимыз. Өлең оқуға кезек келгенде сыныптағы оқу озаты Еркебек алға шығып: «Үстімде сүр шинелім,

«Өз сөзім өзімдікі»

АБАЙ

Біздің де ауылда тоғызыншы мамыр жақындаған сайын мектепте ардагерлермен кездесулер өтетін. Алақандай ауылдың барлық майдангер ақсақалдарын танимыз. Жылдағы дәстүр бойынша, кездесуді тарих пәнінің мұғалімі ұйымдастырады.  Әдеттегіндей сөз кезегін ең бірінші болып Төкен ақсақал алады. Мәскеу түбінен Берлинге дейін жаяу жеткен қарт жауынгер фашистермен қалай соғысқаны жайлы ұзақ әңгімелейтін. Сосын сұрапыл жылдары колхозға басшылық еткен Гүлшабақ апа тылдағылардың жанкешті еңбегі жайлы сыр шертетін. Ал біз кеш соңында қадірлі ата-әжелерімізге гүл сыйлап, ән саламыз. Өлең оқимыз. Өлең оқуға кезек келгенде сыныптағы оқу озаты Еркебек алға шығып: «Үстімде сүр шинелім,

Ақсаңдай басып келемін» - деп, Қасым Аманжоловтың отты өлеңімен концерттік бөлімнің шымылдығын ашатын. Соғыс жылдары госпиталь болған екі қабатты 8-жылдық мектебімізде сол бір кештер өте әсерлі өтетін. Осылайша, жыл сайын ауылға көктем келгенде ауылдағы алты майдангер ақсақал және Гүлшабақ әжеймен кездесіп тұрамыз. Күн көсемнің бала кезгі бейнесі бейнеленген бес жұлдыз кеудемізге қадалғанда пионерлердің соңына еріп, майдангерлер ауласын тазалайтынбыз.Он бес мемлекетті қоршаған қызыл дуал құлғанда да біз бұл дағдымыздан айнығанымыз жоқ. Күндер осылай өтіп жатты. Мен орталау мектепті аяқтап, көрші ауылдағы орта мектепке ауыстым. Тамыз айының соңғы жексенбісі шешем Талдықорғанға барып мектепке киетін су жаңа киімдер алып келді. Әрине дәптер, қалам тағысы тағы бар. Мен киіп көрем. Әдеттегіндей шешем алып келген киімдер үлкен. - Апа, бір «размер» үлкен ғой деймін. «Қар түскенге дейін өсіп кетесің. Кең болғаны жақсы ғой. Тыртысып тұрғанша»- дейді шешем жылдағы сөзін қайталап.Сатып берген киімін жылдағыдай қар түскенше тоздырып тастайсың.Бірінші қыркүйек күні әкем ақылын айтты. «Балам, биылдан бастап сен жоғарғы сыныпта оқисың.Енді екі жылдан кейін мектепті аяқтап, жоғарғы оқу орнына құжат тапсырасың. Осы уақытқа дейін жақсы оқыдың.Бұдан былай да сабағыңа тиянақты бол.Алдыңдағы ағаң сегіз бітіргеннен кейін оқымай кетті. Жігіт болдым деп, шылым шекті. Кеш батса көше кезіп, сабақ бетін ашпайтын.Сонда да институтқа түсірдік, оны тастап кетті.Қазір жүр көрінгемен төбелесіп» деді  ағама ашуын төгіп. Анам араша түсті: «Мұрат сабағын оқымай кетсе оған екеуіміз кінәліміз, жұмыс-жұмыс деп қадағаламадық. Қазірге дейін  төбелесін қоймаса, оған сұм соғыс кінәлі. Ауғаннан жүйкесі жұқарып келген.»-деп айтқаны мұң еді, әкем тіптен ашуға мінді. «Қайдағы жүйкесі тозған. Еркелік. Тозса Әуелбек шалдың жүйкесі тозып кетпеді ме?Ұлы отан соғысына өрімдей жас кезінде аттанып, көрмегені жоқ. Немістің де, советтің де түрмесін көрді.» Мен сол кезде ғана мектептің қасында тұратын Әуелбек атаның соғыста болғанын білдім. Өзімнен өзім қысылып кеттім. Әуелбек ақсақалдың алдында өзімді кінәлі адамдай сезіндім. Тоғызыншы мамыр күні ардагер ақсақалдар қолдарына гүл алып, кеуделеріне орден, медальдарын тағып мектепті бетке алып бара жатқанда Әуелбек ата қандай көңіл күйде болды екен? Осы дүние мені қазірге дейін мазалайды. Ол кезде бала болдық Әуелбек ақсақалдың тағдырын түсінбедік. Жасалған қиянаттың ауырлығын да сезінбедік.Білмедік.

 

«Ұлы жеңіске 65 жыл! Бұл бабалардың қанымен, аналарымыздың көз жасымен келген ұлы жеңіс»-деп теледидар біткен шулай бастағанда, менің есіме Әуелбек ақсақал түсті.Он сегізінде от кешіп, Мәскеу түбіне жеткен неміспен арпалысып, жаудың түрмесіндегі адам төзгісіз азапты басынан кешірген қарт жауынгер. 1945-тің көктемінде соғыс аяқталып, аяғы шынжырдан, қолы кісеннен босап, туған жерге жетемін-ау деген кезде қайта жанған үміт оты сөніп, «халық жауы» атанып, мұртты көсем көрге кіргенше абақтыда отырған қайран қара шалым. Отан үшін деп, кеудесін отқа төсеген Әуелбек ақсақал сынды миллиондаған жазықсыз жауынгерлердің қаны  коммунисттік партияның мойнында кетті.Алыстағы Мәскеуді қойшы, сірә. Туған ауылының құрметіне бөленбеген жаны жаралы жауынгерлер қанша ма?  Биыл жеңістің 65 жылдығына орай, Ресей Федерациясы ТМД елдеріндегі көзі тірі барлық майдангерлерді арнайы медальмен марапаттамақ. Алайда, бұл жоғарыда айтылған әділетсіздіктердің өтеуі бола алады ма? Кешегі кеңес үкіметінің заңды мұрагері - бүгінгі Ресей федерациясы Мәскеу үшін жан аямай соғысып, бар жазығы неміс түрмесінде отырғаны үшін халық жауы атанған жандардан ресми кешірім сұрамақ түгілі, сол бір қиянаттарды ұмытқан тәрізді.Жалпы, патшалық Ресей мен кеңес өкіметінің тағында отырған Ресей Федерациясы әлем алдында жасаған күнәсін кәрі құрлықтағы өркениетті мемлекеттердей жария ете алмай отыр.Қазірдің өзінде Кремель төрінде отырғандар дербес мемлекеттердің ішкі шаруасына араласып кете береді.   Содан да болар Англия, Германия, Франция сынды зиялы мемлекеттердің Ресейді Еуропаға қоспайтыны. Алайда, олар империялық амбициямен 2-дүниежүзілік соғыстың жеңісін Еуропаға жасалған соққы деп есептесе керек. Ұлттық идеологиясына бей-жай қарамайтын ресми Мәскеу осы бір жеңістің бұрынғы КСРО аумағында кеңінен аталып өтуіне ықыласты. Ал бұл жеңіске салқын қанды қарайтын Балтық елдеріне қабағын түйе қарайды. «Біздің батырларымыз коммунистік партия үшін соғысқан қызыл хахолдар емес, Украинаның дербестігін мұрат еткен,Степан Бондеро сынды ерлер»-деп украина халқы ұран тастағанда, Медведев пен Путин тыныш отыра алмады. Билік басына орысшыл Янукович қайта келді. Алайда, Ющенко кезінде қызыл комиссарларға оқ атқан, ұлтшыл Степан Бондероға «Украина батыры» атағы берілді.Сол тұста Ресейдің ақпарат құралдары жапа тармағай жағаларын ұстап,сөзі өтетін, сөзі жететін жерге дейін шулатты. Әуелі Киевтегі ресейшіл күш экс-президенттерін сотқа да берді. Әйтсе де, Украина заңы бойынша, өлген адамнан атақты қайта алуға болмайды. Ал біз бұл  тұрғыда тағы да табансыздық таныттық.Түркі халқының тәуелсіздігін ту еткен, қазақтан шыққан тұңғыш диседент, ұлы саясаткер Мұстафа Шоқайға лайықты бағасын бере алмадық...

Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханға туған өңірі Қарағандыдан бір көшені де қимадық.Жергілікті орыс басылымы: «Әлихан деген террор.Тероррға көше беру деген не сұмдық»-дегенде біз жұмған ауызымызды аща да алмадық.

Соңғы кездері «1941-1945 жылы болған соғыстың бізге қатысы жоқ. Қазақтың Ұлы Отан соғысы жоңғарлар мен болған соғыс.»- деген пікірлер де айтылып жүр. Көбіне-көп өздерін ұлтшыл есептейтін қоғамдық қозғалыстар тарапынан. 90 -жылдардың соңында бұл мәселе «Жас Алаш» газетінде де көтерілген. Бұндай пікірді соғысты көрмеген ұрпаққа айту  оңай дейтіндер әрине бар. Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай қиындықтармен келгенін біз кәрі тарихтан білеміз. Бұл тұста тебінгісінен тер төгіп, етігімен су кешкен қатары сиреген қарттарымызды ренжітуден де аулақпыз. Алайда,көк байрағымыздың астында өскен бүгінгі ұрпақ бодан ел болып жеткен жеңісті емес, ноқтасыз еркін кезіміздегі ұлы жеңістерді жырлауымыз керек. Тәуелсіз Қазақстан үшін соңғы ханымыз Кенесары Қасымұлының Ақмола бекінісін орыс басқыншыларынан азат еткен күн аяулы болса игі еді. Біз сөз қылып отырған екінші дүнижүзілік соғыста фашистік Германияны жеңу расында оңайға соққан жоқ. Қызыл ту астына бас қосқан он бес республика Ресей аумағындағы автономияларды қосқанда жиырмадан аса ұлт пен ұлыс қатар тұрып немістерге оқ атты. Жарты Еуропа мен алпауыт АҚШ-та бізбен тізе қосты. Осылайша, жабыла жүріп жауды жеңді. Ерлікті бағалауға келгенде де шовинистік қалпынан айнымаған КСРО-дағы аға ұлт орыстар біздерге қырын қарады. Атын атап, түсін түстемей-ақ қоялық 1941-1945 жылдың нағыз қаһармандары өз бағаларын тым кеш алды.

P.S Әңгімемізді  мақала басында сөз еткен Әуелбек ақсақалдың бүгінгі жай-күйімен түйінделік. Бүгінгі таңда тоқсанды алқымдап қалған ғазиз қарт Талдықорған қаласында тұрады. Наурыздың 13 күнгі су бөгетінің тасуынан Қызылағаш ауылының жермен жексен болғаны баршаға мәлім. Өз ауылдастарындай Әуелбек ақсақал да баспанасыз қалған. Қазір қаралы ауылда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа пәтерге кіргендер де жоқ емес. Алайда, Әуелбек ақсақалдың үйінің әзірге ірге тасы ғана құйылыпты. Соғыс... неміс пен коммунистердің түрмесі... Қоңыр таулардың құшағында бейқам тірілік кешіп жатқан жандардың  өмірін қиған табиғат апаты... Жаратқан сізге ұзақ ғұмырды осыншама азаптарды көруге жазған ба? Тағдыры тек азаптан тұрған қайран қара шал-ай...

0 пікір