Бейсенбі, 27 Ақпан 2020
Жаңалықтар 1717 0 пікір 28 Сәуір, 2010 сағат 06:51

Орталық Азиядан газ құбыры арқылы ҚХР-ға табиғи газ жеткізу көлемі 1 млрд текше метрге жетті

Бейжің. 28 сәуір. ҚазТАГ - Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай газ құбырымен ҚХР-ға газ жеткізу көлемі 27 сәуірдегі жағдай бойынша 1 млрд текше метрді құрады, деп хабарлайды Синьхуа Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданының иммиграциялық және карантиндік бақылау басқармасына сілтеме жасап.

«27 сәуір таңғы сағат 5 -тегі жағдай бойынша Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай газ құбырымен Қытайға 1 млрд  текше метр табиғи газ жеткізілді. Тәулік сайын 7,5 млн текше метрден аса газ жеткізіледі», - деп жазады агенттік.

Басқарманың мәліметтеріне сәйкес, Орталық Азиядан импортталған табиғи газ Қытайдың мемлекеттік стандарт сапасының талаптарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, 22 сәуірде Синьхуа Үрімші кеденіне сілтеме жасап хабарлағандай, тәулік сайынғы газ жеткізілімдері 10 млн текше метрден асады. ШҰАА кедендік басқармасы жеткізілімдер көлемін тәулік бойы бақылайды.

Өткен жылдың 15 желтоқсанында пайдалануға берілген Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай газ құбыры Түркменстан мен Өзбекстан шекарасынан басталып, Өзбекстанның орталық бөлігі және Қазақстанның оңтүстік аудандары арқылы транзитпен өтіп, Қытайдың Қорғас қаласында аяқталады. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1833 км, оның 1300 км-ден астамы Қазақстан аумағымен өтеді.

0 пікір