Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 7949 0 пікір 1 Сәуір, 2014 сағат 13:11

Қоқыс ішінен нәресте табылды

Камила Мұсабекова есімді зейнеткер, Алматы қаласының тұрғыны қоқыс ішінде жылап жатқан жаңа туған нәресте тауып алған деп хабарлайды КТК арнасы.

Баланың жылаған даусын естіп, қоқысқа жақындап келген Камила үсті-басы қанға малшынған жаңа туған сәбиді көрген.

Сөйтіп, баланы үйіне әкеліп, жылытып, дәрігер шақырған. Дәрігер бала суықтап қалғанын бірақ қазір жағдайы қалыпты екенін айтады.

Ал, Камила Мұсабекова болса, тауып алған баланы асырмақ алмақ ниетте.

Абай-ақпарат

0 пікір