Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4587 0 пікір 2 Сәуір, 2014 сағат 12:10

ОРАЗ ЖАНДОСОВ - "ҚАЗПОШТА" ДИРЕКТОРЫ

 

«Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі компания Директорлар кеңесінің құрамы өзгергендігін хабарлады деп жазады "ҚазАқпарат".

Яғни "Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы «Қазпошта» АҚ-ның  тәуелсіз директоры Тариена Калленің, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның коммуникациялық  активтерді басқару жөніндегі директоры, жалғыз акционердің өкілі Серік Саудабаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатыпты.

Сондай-ақ қор «Қазпошта»АҚ Директорлар кеңесі құрамының санын 9 адам ретінде айқындады. Кеңеске мүше болып жалғыз акционердің мүддесін қорғаушы ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры Нұржан Байдәулетов, тәуелсіз директорлар ретінде Жанат Бердалин, Дмитрий Жуков және Ораз Жандосов сайланған.

"Абай-ақпарат"

0 пікір