Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6805 0 пікір 2 Сәуір, 2014 сағат 13:19

ҚАЗАҚ ПЕН ӨЗБЕК ӘСКЕРИ ОДАҚ ҚҰРУЫ МҮМКІН

Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 

Шарт талаптарына сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан өздерінің қарым-қатынастарын теңдік, өзара сенім, стратегиялық әріптестік негізінде қалыптастыратын болады.

Құжатқа сәйкес, екі мемлекеттің немесе біреуінің қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда қос тарап ол мәселені кеңесіп, ортақ шешімге келетін болады. Соған сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан өзара әскери және әскери-техникалық салаларда, азаматтық қорғаныс саласында ынтымақтасады.

Бұл деген сөз біздің елімізге қандай да бір қатер төнген жағдайда Өзбек бауырларымыз қарап тұрмайды деген сөз. Керісінше Өзбек жұртына көз алартқандар болса қазақ билігі де тиісті қадамға барады.

Нақты айтсақ, Мұстафа Шоқай армандаған Түркі бірлігінің, Елбасымыз айтып жүрген «Орта Азия елдері одағы» идеясының нәтижесі бұл.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2270
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584