Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4420 0 пікір 3 Сәуір, 2014 сағат 12:53

ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ - Н.НЫҒМАТУЛИН

Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне Нұрлан Зайтуллаұлы Нығматулин тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың твиттердегі аккаунты.

 

Нұрлан Зайтулла ұлының өмірбаяны

Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлы

1962 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген.

Саяси ғылымдар докторы.

Институт бітіргеннен кейін "Карагандаоблгаз" өндірістік бірлестікте инженер, автоколонна бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары Қазақстанның ЛКЖО-ң Ленин аудан комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстанның ЛКЖО-ң ОК комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстанның ЛКЖО-ң Қарағанды ОК-ң хатшысы, бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.

1990-1993 жылдары - Қазақстанның жастар ұйымдарының комитетінің төрағасы; 1993-1995 жылдары - қазақ-американ "Тенкри" бірлескен қәсіпорынның президенті.

1995 жылдан 1999 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Президенті �?кімшілігінің мемлекттік инспектор, ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002 жылдан 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар вице-министрі.

2004 жылдың маусымынан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары.

2006-2009 жылдары - Қарағанды облысының әкімі.

2009-2012 «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары

2012 жылдан қазірге дейін ҚР Парламент мәжілісінің спикері қызметін атқарған.

"Құрмет" ордені және екі медальмен марапатталған.

Үйленген. Үш ұлы бар.

Абай-ақпарат

0 пікір