Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5359 0 пікір 3 Сәуір, 2014 сағат 13:14

СЕРІК АХМЕТОВ - ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Ахметов ҚР Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында жарияланды.

 

Өмірбаян

1958 жылы 25 маусымда Қарағанды облысыТеміртау қаласында туған.

Білімі жоғары. Қарағанды металлургия зауыты жанындағы зауыт -ЖТОО-ын, Ресей Басқару Академиясының аспирантурасын бітірген. Мамандығы инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы.

 

 

Еңбек жолын 1975 жылы Қарағанды металлургия зауытында токарь ретінде бастаған;

1976 - 1978 жылдары Қызыл армия қатарында жауынгерлік борышын атқарған;

1979-1985 жылдары токарь, комбинаттағы комсомол комитетінде хатшы орынбасары, кейін комитет хатшысы болды;

1985-1986 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;

1986-1989 жылдары Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;

1989-1990 жылдары Қарағанды партия обкомының жауапты ұйымдастырушысы;

1993-1994 жылдары Карметкомбинаттың маркетинг бюро басшысы, сыртқы экномикалық қатынастар бөлімінің басшысы;

1994-1995 жылдары «Футау» біріккен кәсіпорынның Директоры;

1996-1998 жылдары «Кен Дала» қазақстандық агроөнеркәсіп биржасының Бас директоры;

Ақпан 1998 - наурыз 2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінде Мемлекеттік инспектор;

Наурыз 2001-маусым 2003 жылдары Теміртау қаласының әкімі;

Маусым 2003 - Сәуір 2004 жылдары Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

Сәуір 2004 - наурыз 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты жөніндегі Басқарманың Мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі;

Наурыз 2005 - 25 қыркүйек 2006 жылдары «Атамекен» жылпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмысберушілер одағының басқарма төрағасы, атқарушы директор;

25 қыркүйек 2006 - 3 наурыз 2009 жыл дары Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі[1];

3 наурыз 2009 - 19 қараша 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары[2];

19 қараша 2009 - қаңтар 2012 жылдары Қарағанды облысының әкімі[3];

Қаңтар 2012 - 24 қыркүйек 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

2012 жылдың 24 қыркүйегінен қазірге дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып қызмет атқарды. 

 Абай-ақпарат

0 пікір