Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3483 0 пікір 28 Сәуір, 2010 сағат 06:47

Ұялы телефон ұрлаумен айналысқан Шымкент тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкент. 28 сәуір. ҚазТАГ - Шымкенттің 21 жастағы тұрғыны - Әсима Жамалбекова жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылды, ол ұялы телефондар ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ұрлықшыны іздестіру шаралары қаланың Еңбекші ауданының тұрғындарынан бірнеше шағым түскеннен кейін қолға алынды.

«Бәрі ұялы телефондарының ұрланғаны туралы хабарлаған. Қылмысты жасау мәнері бір адамның әрекет еткенін көрсеткен», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Көп ұзамай оперативті қызметкерлер жас әйелдің ізіне түседі, тергеу барысында тергеушілер оның 14 ұрлыққа қатысы бар екенін дәлелдеді.

«Жамалбекова жалғыз әрекет еткен: күндізгі уақытта адамдардың пәтерлерін аңдып, байқатпай ішіне кіріп, ұялы телефондарды олжа қылған, кейін оларды базарда сатқан», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Ұрының келтірген жалпы шығыны жарты миллион теңгеге жуық.

0 пікір