Жұма, 15 Қараша 2019
Жаңалықтар 1600 0 пікір 28 Сәуір, 2010 сағат 06:46

Қазақстан мен Италия СІМ басшылары телефон арқылы Берлусконидің Астанаға жасайтын биылғы сапарын талқылады (ҚР СІМ баспасөз қызметінің сұрауы бойынша 27-ші сәуірдегі хабар жаңартылған)

Астана. 28 сәуір. ҚазТАГ - ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини сейсенбі күні телефон арқылы өткен сұхбатында ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастық мәселесі мен Италияның премьер-министрі Сильвио Берлусконидің биыл Астанаға жасайтын сапарының мәселесін талқылады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Екі елдің сыртқы істер ведомство басшылары ЕҚЫҰ аясындағы өзара әрекеттесу мәселесін талқылады. Ф.Фраттини Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығын, әсіресе Қырғыз Республикасындағы шиеленісті реттеуде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығын жоғары бағалады», - дейді баспасөз қызметі.

Тараптар Астанада шілденің 16-17-лерінде өтетін ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесіне дайындықты, сондай-ақ 2010 жылғы ЕҚЫҰ саммитінде қаралатын ұсынылып отырған мәселелерді қарастырды.

«Иатлия министрі ЕҚЫҰ СІМК бейресми кездесуіне өзінің қатысатынын қуаттады және премьер-министр Сильвио Берлусконидің Ұйымның саммитіне қатыспақшы ниетінің барлығын мәлім етті», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ҚР президенті Н. Назарбаевтың Римге 2009 жылы қарашада жасаған ресми сапары барысында қол жеткізген келісімлер мен келісімшарттардың орындалу барысын талқылады.

«Тараптар алдағы С. Берлусконидің сапары Қазақстан мен Италия арасындағы қарым-қатынас кешеніне жаңа серпін береді деген сенім білдірді», - делінген ақпараттық парақшада.

0 пікір